Марканың отаны қайда?

Марканың отаны қайда?

Пошта маркаларының отаны қай ел? Ол не үшін қажет?

Серік Құныпияұлы, Алматы облысы

Пошта маркасы – белгілі бір номиналды құнға ие ұлттық пошта ведомстволары шығаратын арнайы белгі. Пошта арқылы жіберілетін хатқа немесе затқа марка жапсырылса, демек, пошта ведомствосының ақылы қызметі төленді дегенді білдіреді.

Маркада номиналдан басқа марканы шығарған пошта администрациясының атауы, сондай-ақ түрлі символдар, декоративті элементтер мен суреттер болады. Әлем елдері арасында өз атауын пошта маркасында көрсетпейтін жалғыз мемлекет – Ұлыбритания.

Себебі Англия ең алғашқы болып 1840 жылдың 6 мамырында пошта маркаларын шығара бастаған болатын. Мұндай маркалар халық арасында бірден таралып кетті. Кейіннен Дүниежүзілік пошта одағы әр елдің маркаларына бірдей талап қойып, әр эмитент-мемлекет өз атауын  маркаларында көрсетуді міндеттеді.

Ал Ұлы- британия тұңғыш марканың отаны болғандықтан, мұндай міндеттеуден босатылған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста