МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН НАШАРЛАТАТЫН 5 ҚАУІПТІ ТАҒАМ ТҮРІ

МИДЫҢ ЖҰМЫСЫН НАШАРЛАТАТЫН 5 ҚАУІПТІ ТАҒАМ ТҮРІ

Ми — адам организміндегі ең маңызды әрі толық зерттелмеген орган. Дене массасының 2% тиесілі болса да, дене өндіретін энергияның 20-25%-ын тұтынады. Минут сайын ми арқылы 750 мл. қан өтеді, сонымен қатар мидағы нейрондар саны Жер ғаламшарында тіршілік ететін адамдардың жалпы санынан 16 есе көп. Ғалымдардың зерттеуінше, мидың жұмысы бірнеше факторға тікелей байланысты: физикалық белсенділік, өмір салты, оған қоса тамақтану.

Сенің есте сақтау қабілетіңді төмендетіп, көңіл-күйіңді түсіретін тағам түрлерімен таныс бол.

1. Құрамында шектен тыс транс-майлар бар тағамдар. Жоғары температуралы өңдеу арқылы алынатын қанықпаған майдан түзілетін түрлендірген молекулалар. Тәтті тағамдарындың (печенье, торт және т.б.), майонездың, фаст-фудтың (самса, гамбургер, чизбургер, хот-дог, бәліш, пицца және т.б.), соустардың, жартылай фабрикаттардың (шұжық, пельмен, балық консервілері, cосиска және т.б.) құрамында кездеседі. Зерттеулердің нәтижесі транс-майлар бар тағамдарды көп тұтынудың Альцгеймер ауруына әкелетінін, сонымен қатар мидың когнитивті функцияларын нашарлататынын көрсетеді.

2. Қайта өңделген тағамдар: чипсы, поп-корн, тез дайындалатын лапша ("Доширак" және т.б.), шұжықтар мен сосискалар. Мұндай тағамның құрамына үлкен мөлшерде қант, тұз, транс-майлар, дәм мен хош иісті күшейткіштерді қосады. Бұл тағам түрлерін тұтыну артық салмаққа және организмдегі қант пен холестериннің мөлшерінің артуына әкелуі мүмкін.

3. Тез сіңірілетін көмірсулар. Көмірсулар миға энергия береді. Ал тез сіңірілетін көмірсулар миға өте зиян. Қант, өңделген ақ ұн, газдалған тәтті сусындар жоғары деңгейлі гликемиялық индекске ие. Бұл тағамдарды шектен тыс тұтыну қандағы глюкоза мөлшерін арттырып, инсулинді жоғарылатады. Нәтижесінде мидың жаңа нейрондық байланыстарды түзеуі қиындайды.

4. Аспартам. Қантсыз сусын ішсем, организмге еш зияны жоқ деп ойлай көрме. Шын мәнісінде, бұл химиялық қосылыс есте сақтау қабілетін төмендетіп, нейромедиатордың жұмысын шектей алатындай қауқары бар. Зерттеулердің нәтижесіне сәйкес, қант алмастырғыштар бар тағамдарды тұтынатын адамдар депрессияға бейім келеді.

5. Алкоголь. Мен айтып, түсіндірмесем де жақсы білесіңдер. Арақ атаулыға жоламау қажет. Алкоголь тұтынатын адамдарда мидың көлемінің азаюы, нейротрансмиттердің зақымдануы, витаминдердің жетіспеушілігі байқалады.

Алкоголь мен аспартамнан басқа жоғарыда аталған тағамдарды кейбірің күнделікті тұтынуларың мүмкін. Не де болса, толықтай бас тарта алмасақ та (алкоголь мен аспартамды тіпті тұтынбаңдар), кішкене мөлшерде тұтынуға бейімделу қажет.

(c) Гиппократ

reactor.inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста