Мүгедек балаларға тегін гигиеналық құралдар беріле ме?
Мен – жалғызбасты анамын. Ұлым екі жарым жаста. Туылғалы мүгедек. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан мүгедек балаларға гигиеналық құралдар беріледі деп естідім. Осы рас па? Балжан КҮЙІКБАЕВА, Алматы облысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің сарапшысы Раушан Көшкімбекова:
– Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңына сәйкес, медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдерге сәйкес, көмек мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес, мүгедектерге міндетті гигиеналық құралдар 2009 жылдың 15 қазанынан бастап беріледі. Сондықтан сіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша уәкілетті органға хабарласуыңыз қажет.