Мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса
Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз.
Ең алдымен ХҚО-ның жеңілдік терезесіне кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз;
Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз;
ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз:
Жеке куәлік;
Егер заңды өкілі жүгінген болса, мүгедектігі бар азаматтан сенімхат (нотариалды растау қажет емес);
Мүгедек азамат жайлы қажетті ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден бірден енгізеді. Егер ақпараттық жүйеде мәлімет толық болмаған жағдайда келесі мәліметтерді қосымша талап етеді:
Мүгедектігіне байланысты құжаттар;
Жеке оңалту бағдарламасы әзірленген іс-шаралар туралы жазба көшірмесі;
Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда - 10 жұмыс күні.
Есіңізде болсын!
Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешімімен тағайындалады.
Дендеріңіз сау болсын!