Мықты достарды қалай және қайдан табуға болады?

Мықты достарды қалай және қайдан табуға болады?

Маңызды, пайдалы нәрселер жасап жүрген саналы, терең ойлы, ақылды адамдардың жаныңыздан табылуын қалайсыз ба? Ал ондай адамдарды табу қиын ба? Біз мұны аса қиын деп санамаймыз, дегенмен мұндай ізденіс шыдамдылық пен тәжірибені талап етері анық.

Сіздің жаныңызда болып, уақытыңыздың көп бөлігін бірге өткізетін адамдар өміріңізге елеулі әсер етері сөзсіз. Егер бірегей қасиеттер мен біліміңізге, шеберлігіңізге оң әсер ететін достарды саналы түрде іздеп жүрген болсаңыз, оларды тапсаңыз, әрі олармен белсенді қарым-қатынаста болсаңыз, онда сіз міндетті түрде дамисыз, өсесіз. Сондай-ақ керісінше, алға қойған мақсаты мен талпынысы жоқ, сәтсіздіктері үшін үнемі өзгелерге кінә артатын адамдар сізді қоршаған болса, жақсы жаққа өзгеру қиын.

Әрине, кез келген адамды әр қалауыңмен досыңа айналдыру қиын. Мақалада достық деңгейіне ұласуға мүмкіндік беретін нетворкинг пен байланыс туралы айтылмақ. Сонымен, пайдалы таныстық стратегиясы екі қадамнан тұрады:

1. Адамдарды тауып, олар сізге жаңа нәрсе бере алады ма, соны анықтау.

2. Өзара түсіністікті орнату арқылы олармен дос болыңыз: олардың мемдерін* анықтаңыз және әңгімені солардың төңірегінде өрбітіңіз.

Бұл стратегияларды өзімшілдікке (эгоизм) баламаңыз. Бәріміз пайдалы танысқа ие болғымыз келеді, бірақ әрекет жасауға кез келгеннің батылдығы жетпейді.

*Интернет мемі емес. Мемнің басқа да мағыналары бар. Мем (ағылшынша meme) — мәдени ақпарат бірлігі. Сөйлеу, жазу, видео, қимыл әрекет, т.б. арқылы біліп немесе білмей адамнан адамға өтетін идея, символ, өзін-өзі ұстау мәнері немесе қимыл-әрекет бейнесі мем болып табылады. Терминді биолог Ричард Докинз енгізген.

1 - Адам табыңыз
Элеонора Рузвельт:

«Ұлы адамдар (ақылдар) идеяларды талқылайды. Ортаңқол адамдар (ақылдар) оқиғаларды тілге тиек етеді. Әлсіз адамдар (ақылдар) басқа адамдарды сөз қылады» деген.

Көбіміз естіген шығармыз. Әдемі айтылған сөз. Бұл дәйексөзді дауыстап айтып, бірнеше минут жақсылап мағынасын ойлап көріңіз. Осыны көрнекі жерге: стикерге, тақтаға немесе қабырғаға жазып қойып, күн сайын назар салып тұрыңыз. Өзіңізге талдау жасаңыз: сіз нені жиі талқылайсыз?

Содан соң адамдарды тауып, олармен әңгімелелесіп, әңгімені осы үш деңгей бойынша талдап көріңіз.

Ұлы адам (ақыл) = идея. Мұндай адамдар болашақ жайлы, алда болатын нәрселер туралы айтады. Олар өз идеяларын асқан ықыласпен сағаттап талқылауға дайын.

Ортаңқол адам (ақыл) = оқиғалар. Мұндай адамдар Олимпиада ойындары, футбол, концерт жайлы айтады. Яғни, болған нәрселерді талқылағанды жөн көреді.

Пәс адам (ақыл) = адамдар. Бұл адамдар басқалардың әрекеттерін талқылайды, атақты адамдар немесе таныстары жайлы қауесет сөзге құмар келеді. Басқалар жайлы айту себептерінің бірі — өздерінің қолынан келетініне сенбеу. Олар көрермен менталитетіне ие.

Бірінші топтағылар өте маңызды жандар, алайда ондай адамдарды кездестіру сирек жағдай. Міне, дәл осындай адамдарды іздегеніңіз жөн.

Ұлы ақылдар — бұл қайраткерлер мен сыни ойшылдар, басқаларды ілестіретін қарқын жасай алатын жандар. Ортаңқол және әлсіз ақылдар — бұлар бақылайтын және әсер алатын адамдар.

Егер адамдардың әңгімелерін жақсылап бақылай бастасаңыз, онда көп ұзамай негізгі айырмашылықтарын көресіз.

2. Олармен достық қарым-қатынас орнатыңыз
Иә, сіз ішкі әлемі туралы мүлдем ойламай, кездейсоқ адаммен дос бола аласыз және бұған толық құқығыңыз бар. Бірақ, егер сіз мақсатты түрде біреумен дос болғыңыз келсе, мына кеңестерге жүгіне аласыз.

Мұны қалай жасауға болады? Сұхбаттасушының идеялары мен нанымдарын анықтау және оның шынайы болмысына бейімделу арқылы. Бұл өте күрделі міндет, дегенмен, үйреніп алсаңыз нәтижесіне таңғалатын боласыз.

Сонда басқа адамға жағымпаздану керек пе? Жоқ, жағымпаздық шынайылыққа жат, қажетсіз нәрсе. Мемдер туралы идея одан да терең: сіздің басқа адаммен жасаған өзара қарым-қатынасыңыз үнемі шынайы әрекеттестік бола бермейді. Шынайы өзара әрекеттестік деп — мақсаты — бірін-бірі мақұлдату емес, идеяларды талқылау және интеллект жаттықтыруды көздеген екі адамның диалогын айтуға болады. Яғни, мұндай қарым-қатынастың басты мақсаты — басқаға әсер қалдыру емес, бір-бірінен үйрену. Екі әңгімелесуші де әңгімеге өз үлестерін қосады.

Неге шынайы қарым-қатынас сиреп барады? Өйткені, қазіргі уақытта адамдар бір-бірімен саналы түрде сөйлесе бермейді:

1. Олардың рөл ойнаудан қолдары босамайды (олар шын мәнінде өздерінің кім екендерін білмейді): олардың шектеулі назарының үлкен бөлігі не істеу керек немесе не айту керектігін жоспарлай отырып, өзінің әлеуметтік мәртебесін қолдау үшін ғана бағытталған. Бұл оларға бір-бірін тыңдауына кедергі келтіреді.

2. Олар назар аударып, зейін қоя алмайды: кез келген тітіркендіргіш оларды қалпынан тайдыра алады.

Басқа адамдармен болған әрекеттестіктеріңізге қайта қарап көріңіз. Шынайы қалпыңызды сақтаңыз және бар зейініңіз әңгімеде болсын.

Сонымен, басым мемдарды қалай анықтауға болады? Тәжірибе жинай келе бұл оңай бола бастайды. Сұхбаттасушының шынайы болмысын қабылдаңыз:

— оны бейтарап болып тыңдаңыз, жазғырудан аулақ болыңыз.

— оның айтқанымен келісіңіз, бірақ құптай бермеңіз.

— оған қызық болған нәрселер туралы айтыңыз.

Мұның бәрі әңгімелесушіні әңгімесін одан әрі жалғастыруға итермелейді. Неғұрлым көп сөйлеген сайын, соғұрлым әңгімесіне бар ықыласын салып, сізді де жақын көре бастайды.

Көптеген адамдар мұндай қарым-қатынасты манипуляция деп санайды. Бұған нақты жауап беру қиын. Манипуляция деп — адамның өз игілігі үшін сұхбаттасушыға зиян келтірген жағдайды айтуға болатын шығар. Егер бұл олай болмаса, онда мұны коммуникация деу дұрыстау болар. Иә, сіз әдеттегіден артық мақұлдаған шағырсыз, бірақ мұны кім жаман деп айтты? Жағымды адам болуды үйрену — бұл жаман қасиет емес.

Өзіңіздің шынайы болмысыңызды сақтай отырып, пайдалы да мықты адамдармен қарым-қатынас жасаңыз. Cәттілік тілейміз!

bilim-all.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста