Нағыз еркек ешқашан жасамайтын 8 іс

Нағыз еркек ешқашан жасамайтын 8 іс

 Ер адамның кемел шаққа қашан жететіндігі жайлы ойлап көріп пе едіңіз? Жалпы ол нені аңғартады? Қазақта «болар елдің баласы он бесінде баспын дер, Болмас елдің баласы отызында жаспын дер» деген аталы Адам ақылын толықтырар жас та, жыл да емес, өмір сабақтары мен оның түйіні болса керек. сөз бар. Адам ақылын толықтырар жас та, жыл да емес, өмір сабақтары мен оның түйіні болса керек. Бұл орайда кемеліне жеткен нағыз ердің бойынан табылар қасиеттерді саралап көрдік.

Нағыз еркек сырт келбетіңізді сынамайды

«Шашыңды сары түске боясаң қайтеді?», «Әттең, бірнеше келі салмақ тастағаныңда ғой» – қанша ұсқынсыз көрінсеңіз де, сізді сүйетін ер адам сырт келбетіңізге қатысты мұндай жағымсыз сын айтпайды. Егер мұндай әрекетке жол берсе, сізге танытқан қолдауы, көмегі деп түсінбегеніңіз жөн. Бұл әрекеті арқылы ол еңсеңізді басып, өзіңізді төмен санап, сенімсіздікпен өмір сүргеніңізді қалайды. Және оны әдейі жасайды. Неліктен? Сіз оны тастап кетпес үшін. Нағыз еркек сіздің алдыңызда өз бағасын көтеру үшін сын астына алмайды.

Ол сіздік жеке кеңістікті бұзбайды

Дұрыс қарым-қатынаста жұбайлардың бір-бірінен жасырары жоқ. Ол телефондағы хабарламалар не байланыс нөмірлері де болуы мүмкін. Алайда бұл деген жұбайыңыздың қалтаңызды тексеріп, жеке хабарламаларыңызды бастан-аяқ оқуы тиіс дегенді аңғартпаса керек-ті. Егер азаматыңыз мұндай әрекетке барса, ол – өзіне сенімсіз әрі сізді құрметтемейді.

Нағыз еркек қиындықтан қашпайды

Бала күнімізде сәл қиындыққа тап болсақ болғаны, бұл әлемді тастай қашып, өзіміз құрған қиял әлемінде бас сауғалайтынымыз есіңізде ме? Нағыз еркек отбасында, жұмысында, өзгелермен қарым-қатынасында орын алған қиындықпен жүзбе-жүз кездеспейінше, шешімін таппайтынын ұғынады. Десе де жұдырық ала жүгіру бір басқа, шешімін табу бір басқа дүние.

Ол үшін сезімталдық әлсіздік белгісі емес

Ермінезділік – сезімсіздік емес. Ақылды еркек өзгелердің сынына қалуды ойлап, ішкі күйін, сезімін, махаббатын көрсетуден қорықпауы тиіс. Сезіміңізді көрсеткеннен бойыңыздағы ерлігіңіз кемімейді. Керісінше, қарым-қатынастарыңыз нығая түсері анық.

Ол бүгінмен ғана өмір сүрмейді

Кей азаматтар келесі аптаға жоспарлаған соңғы ақшасын «патша тамағына» жұмсап, артынан бармағын шайнайды. Немесе апта ортасында сауық кештерге барып, ертесіне жұмыстан қалады. Мұндай еркектер алдағы күнін жоспарлай алмайды және салдарын ойламайды. Егер бозбала шағында мұндай әрекеті кешірімді болса, отбасына бас болып отырған азамат үшін ағаттық болар еді. Ол өзіңізден аянуыңыз керек дегенді білдірмейді. Тек ертеңгі күніңізді ойлай жүргеніңіз дұрыс.

Ол сізді достарынан төмен қоймайды

Психологиялық жайлылық сезіну үшін ер адамдарға аптасына бір-екі рет достарымен бас қосып тұрған дұрыс. Бұл оларға ауадай қажет. Бірақ ақылды еркек өмірлік серігінің достары емес, құшағында жұбайы екенін түсінеді. Ал ұдайы достарының кеңесіне құлақ асып, жарының ойын қабылдамайтын жандардың психологиялық қиындықтары болуы мүмкін. Олар – өзгенің пікіріне тәуелді немесе тым бейқам. Десе де олар өздерін тәуелсіз, ермінезді сезінеді.

Ол тепе-теңдікті сақтай біледі

Нағыз еркек ата-анасын қараусыз қалдырмайды және уақыт бөлуді ұмытпайды. Ол дүниеге келген сәтінен бері мейірім-махаббатын аямаған ата-анасына қамқорлық қажет екенін түсінеді. Бірақ мұнда да шек болуы тиіс. Әкесіне не анасына ғана көңіл бөліп, отбасына, туыстарына, басқаларына немқұрайлы қараудың қажеті жоқ.

Нағыз еркек сізді құрметтейді және қысым көрсетпейді

Мұнда ұрып-соғу ғана емес, моральдық қысым да кіреді. Қысымның кез-келген түрі байқала бастағанда, бірден бойыңызды аулақ салғаныңыз жөн. Ешқандай сылтау іздеудің де қажеті жоқ. Ол өз әрекетін қиындыққа толған балалық шағы, сәтсіз өткен күнімен түсіндіргісе де, кінәні сізге артса да, мұндай әрекеті ақтап алуға тұрмайды.

Еркектің әйелге деген қарым-қатынасы мінезі, өмірлік тәжірибесіне ғана емес, әйелінің мінез-құлқына да байланысты. Себебі қарым-қатынасты құратын да екеу, бұзатын да екеу. Сондықтан ерірінің көңілін суытып, сенімінен айырылмас үшін, әйелдердің де өзіне мән беріп, ері үшін тырысқаны абзал.

el24kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста