Неге бай адамдар таңғы бесте тұрады?
Starbucks желісінің президенті Мишель Гаас 15 жыл бойы таңғы 4:30-да ұйқысынан оянып келеді. Табысты жобалардың авторы Гретхен Рубен таңғы 6-да тұрып, үйдегілер ұйықтап жатқанда жұмысына кіріседі екен. Қазақтың белгілі кәсіпкері Ахметбек Нұрсилә күн сайын таңғы 6-да оянады.
Көптеген кітапта жетістіктің сыры – таңмен таласып тұру екені айтылады. Не үшін бәрі ұйықтап жатқанда ояну соншалықты маңызды?
Күштің бір бағытқа жұмсалуы. Кез келген адам бір күнде бірнеше істің басын қайырып үлгеруге тырысады, ал таңда ми демалып тұратындықтан, жұмыс жақсы жүреді және адам тыныштықта жалғыз отырып көп нәрсе тындыра алады.
Ерік-жігер күші. Таңда ми белсенді түрде жұмыс істейді, сондықтан мидың белсенділігін пайдаланып қалу аса маңызды саналады.
Көтеріңкі көңіл-күй. Таңды қалай бастасаң, күнің солай өтеді. Ерте оянып, жұмысын бітірген адам өз-өзіне риза болып, рахаттанып жүреді, сәйкесінше, көңілі де орнында болады.
Дереккөз: massaget.kz