Неке тіркеу рәсімін қалаған жерімізге өткізуге бола ма?
Таяуда балам үйленбекші. Неке сарайында тіркеуден өтуге біршама қаржы керек екен. Осы орайда менің білгім келгені: заңды некеге тіркеуге тұру міндетті түрде Неке сарайында жүзеге асырылуы керек пе, әлде той өткізетін орында, той үстінде жүргізуге де бола ма?
Замира ӨТЕУБАЛИНА, Алматы қаласы
АҚАЖ органдарының берген мәліметіне қарағанда, Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы №620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілерін жазу туралы ереженің 76-тармағына сәйкес, АҚАЖ органы некені тіркеу уақытын белгілегенде некеге тұрушылардан салтанатты жағдайда некеге тұрғылары келе ме – соны анықтап алуы керек. Өйткені некеге тұрудың Неке сарайында салтанатты жағдайда немесе өзге де жерлерде өткізілуі некеге тұрушылардың АҚАЖ органымен келісімі аясында, тіркеу заңдылықтарын сақтай отырып жүзеге асырылады.