Неліктен жақсы қыздардың көбісі отыздан асқан соң ажырасып кетеді?
«Жақсы қыздар» көбінесе ата-анасының, мұғалімдерінің айтқанын орындаудан бас тартпайтын, сабақты жақсы оқып, жоғарғы оқу орнына да өз күшімен түседі. Алайда олар неліктен ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық өмірден соң ажырасып жатады? Бүл туралы Матроны.ру сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Зерттеушілер сөзіне сүйенсек, олардың көпшілігі университет қабырғасынан соң тұрмыс құру, бала туу секілді "жақсы қыздардың қалыпты өмірін" жалғастырады, Алайда, көпшілігі 10-15 жылға созылған отбасылық өмірден соң ажырасып жатады.
Тұрмыстық өмірде туындаған ұрыс-керістер мен реніштерді тыңдай келе, ғалымдар оның себебін табуға тырысты.
1. Отбасылық өмірдің алғашқы жылдары ешқандай естеліктерсіз өткен.
Көбінесе әйелдер тұрмыс құрған соң, өзіне көңіл бөлуді азайтады. Әрине, тұрмыс, сүйген жар, бала өмірге көптеген қуаныш алып келуі мүмкін. Бірақ әйел жеке басы үшін ешқандай өзгеріс жасамайды. Қысқасы, әйелдердің көбі тұрмыстағы алғашқы жылдарын ешнәрсемен еске алмайды.
2. Жұбайлар арасындағы қарым-қатынас біржақты болған: Еркек – өмір сүреді, әйел оған бейімделеді.
Жас, сұлу қыздардың көпшілігі тұрмыс құрғаннан кейін жұбайымен арадағы шекараларды ұмытып кетіп жатады. Жұбайлар арасындағы өзара келісім пен ортақ шешім болмағандықтан, барлық күш әйелге түседі. Әйелдер өз бетімен шешім қабылдағысы келгенде немесе өз ойын ашық айтуға ұмылған сәтте, мәселе ұрыс-керіспен аяқталуы мүмкін. Сондықтан әйелдер көп жағдайда отбасылық даулардың себепкері тек өзі деп біледі.
3. Алғашқы жылдары әйелдер «ақылды» болуға тырысады.
Әйелдер ұрыс керіске жол бермеуге, өз айтқанын басқаша жолмен істетуге тырысды. Себебі, еркек өзін еркек ретінде сезінуі керек қой! Ал, әйелдердің жайы не болмақ?! Барлық «бақытты» отбасыларда әйелдер сабырлылық танытады. Күндіз күліп жүргенімен, барлығы оның қалағанындай болмауы мүмкін.
4. Бірнеше жылдардан соң әйелдер жұмыс орнына оралады
«Жақсы қыздар» жұмысқа жай ғана қайтып орала қоймайды – олар жұмыста да үздік болғысы келеді. Содан соң түрлі жобалар мен тапсырмалар, үй шаруасына араласады. Ал, еркектер бұған үйренбеген. Сонан соң жұмыс пен үй шаруасы үшін үздіксіз ұрыс-керіс басталады.
5. «Суық соғыс» кезеңінің басталуы
Бұрынғы тату әрі тыныш өмір аяқталып, өзара түсініспеушіліктер басталады. Әйелдер жылдар бойы бас иіп келген ережелердің өзіне ұнамайтынын байқайды. Отбасылық даулар мен аяғы үлкен өкінішке әкеп соқтыратын ұрыс-керістер осы кезде басталады.
6. Еркектер әйелін басқаша көре бастайды
Кез-келген «жақсы қыздардың» өмірінде жұмыс барысында жетістікке жету кезеңі басталады. Әрине, мұндай сәтте еркектер өздерін кенеттен әлсіз немесе жарамсыз сезініп, іс-әрекетімен немесе қылықтарымен қарсылық көрсете бастайды.
7. Әйел кенеттен үй шаруасындағы жұмыстардың дұрыс емес бөлінгенін байқай бастайды: "Еркек ақша табады, ал қалған жұмыстың барлығы әйелдің мойнында"
Көпшілік қыздардың басынан өткен жағдай. Күйеуі үй шаруаларының барлығын әйелінің мойнына жүктеп қойып, өзі тек қана сыртта жүргісі келеді. Ал кешке келгенде үйде барлық жағдайының жасалғанын қалайды. Көптеген үйде отырған әйелдер жоғары жалақысы бар жұмыс тапқаннан соң, күйеуінің мүлдем қажет емес екенін түсініп, соңы ажырасуға әкеп соқтырып жатады.