Өмірлік мүгедектерге қандай жеңілдіктер бар?

Өмірлік мүгедектерге қандай  жеңілдіктер бар?

Өз еркімен ешқандай әрекет ете алмайтын өмірлік мүгедектерге қандай көмек түрлері көрсетіледі, қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Әділет Мұсабеков,
Шығыс Қазақстан облысы
Әлеуметтік қолдау шарасы ретінде, жеңіл­діктерді ұсыну бойынша заңнама­ларды ре­фор­малау нәтижесінде 1999 жы­лы енгізілген бұрынғы натуралды жеңілдік­тер орнына мүге­дектерге ай сайын респу­бли­калық бюджет есе­бінен арнаулы мем­лекеттік жәрдемақы төленеді.
Ал жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүге­дектерге жеке көмекшінің қызметтері  медици­налық-әлеуметтік сараптау бөлімі әзірлеген медициналық көрсетімдеріне сәй­кес, мүгедек­ті оңалтудың жеке бағдар­ламасы негізінде көрсетіледі (негізі: «Қа­зақстан Рес­публика­сын­да мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Рес­пу­бликасының Заңы).
Осыған байланысты I және II топтағы мүге­дек адамдарға қолданыстағы заңна­ма­ға сәй­кес, жергілікті жердің бюджет қаражаты есебі­нен протездік-ортопедия­лық бұйымдар, сур­до-тифло құралдар, кресло-арбалар, са­на­­­тор­лық-курорттық жолдамалар тегін бері­леді (не­гі­зі: «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мә­се­ле­лерi туралы» Қазақстан Респу­бликасы Үкіме­ті­нің 2005 жылғы  20 шілдедегі  № 754 қау­лы­сы).
Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, облыс, қала және аудан әкімдеріне, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшыларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қор­ғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау жөнінде қосымша шараларды белгілеу құқы­ғы берілген (негізі: «Қазақстан Республика­сындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).
Осыған байланысты жолдамалар, комму­налдық төлемдер, газ, электр энергиясы қыз­мет­терін және бұдан басқа материалдық кө­мек  көрсетуге құқылы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста