Пайдалы болу үшін сиыр етін қалай пісіру керек?

Пайдалы болу үшін сиыр етін қалай пісіру керек?

Қытай ғалымдары сиыр етін қалай пісірсе пайдалы болатынын айтты деп хабарлайды РИА Новости.

 

Зерттеу нәтижесі Journal of Agricultural and Food Chemistry журналында жарық көрді. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, ет пісірудің бұл әдісі су-вид (французша sous-vide &ndash вакуум іші) деп аталады.

 

Бұрында аталған әдіс арнайы мейрамханаларда ғана қолданылса қазір оны асүйде де дайындауға болады, дейді аспан асты елінің ғалымдары. Ол үшін тұрмыстық техника болса жеткілікті екен.

 

Нанкин ауыл шаруашылық университетінің ғалымы мен технология колледжінің зерттеушілері сиыр етін пісіру мен дайындаудың түрлі тәсілін қолданып, ағзаға сіңімді әрі пайдалы түрін іздеп көрген.

 

Олар етті қуырғанда, асқанда құрамындағы ақуыздары қышқылға айналып, ағзаға зиян келтіретінін байқаған.

 

Ал вакуум әдісі арқылы пісірілген етте пайдалы ингридиенттер көп сақталып қалатын көрінеді. Құрамындағы ақуыз аз өзгеріске ұшырайды, дейді ғалымдар.

 

Сонымен қатар зерттеушілер қуырылған, асылған етті алып асқазан, ішек сұйықтығымен тотықтырып көрген. Соның нәтижесінде вакуумде дайындалған еттің тез сіңетіні анықталыпты.

 

Зерттеу тобының жетекшісі Ванган Чжан етті дайындаудың дәстүрлі әдісі &ndash асу мен қайнату, қуыруға қарағанда, аз температурамен пластик пакетке салып дайындалған ет әлдеқайда дәмді әрі пайдалы болатынын жеткізді.

 

Оның сөзінше, вакуум әдісімен дайындалған ет 60°С температурада пісіріледі екен. Ғалым бұндай әдіспен пісірілген ет балғын, бар құнарын сақтаған әрі асқазанға жеңіл болатынын атап өтті.

 

kaz.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста