"Памперс" секілді бір реттік жөргектер баланы бедеулік пен белсіздікке ұшыратады

"Памперс" секілді бір реттік жөргектер баланы бедеулік пен белсіздікке ұшыратады

Бір реттік жөргек – жас ана үшін таптырмайтын көмекші. Алайда оны шамадан тыс пайдалану - бала денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуі ықтимал. Дәрігерлер «памперсті» жиі қолдану орны толмас өкінішке әкеп соқтыратынын айтып, тағы да дабыл қақты деп хабарлайды Baq.kz.
Ең сорақысы, бір реттік жөргектің бала денсаулығына келтірер зияны бірден байқалмайды. Мамандар мұндай жаялықтар ұлдардың белсіздікке, қыздардың бедеулікке шалдығуына әкеп соқтыруы әбден мүмкін екендігін айтады.

«Өз басым бір реттік жөргек дегенге қарсымын. Біз балаларымызды бесікке бөлеп-ақ өсірдік. Ол кезде жаялық та тапшы болатын. Бесікте жатқан бала таза болады. Ол сабырлылыққа тәрбиелейді. Қазір келіндеріме немере-шөберелерімді де бесікке бөлетемін», – дейді Петропавл қаласының тұрғыны, «Күміс алқа» иегері Сапура Тәшенова.

Бір реттік жөргек жас баланың денесінің төрттен бірін жауып тұрады. Сондықтан нәрестенің терісіне ауа тимейді. Бұл сәбидің нәзік денесін түрлі тері ауруларына шалдықтыруы мүмкін.

«Бала дәретке отырғаннан кейін жөргектің құрамындағы заттар реакцияға түсіп, өзгеріске ұшырайды. Біраз уақыттан соң, ішіндегі сұйықтық салқындап, баланың несеп-жыныс мүшелеріне суық тиюі мүмкін. Бір реттік жөргек мұнайдан алынатын заттардан өндіріледі. Бала терісіне жайлы болуы үшін бірнеше рет химиялық өңдеуден өтеді. Иістендіргіштер қосылады.

Бір реттік жөргек шіріп, ыдырауы үшін 200 жыл уақыт керек екен. Дәрігер ретінде аналарға мұндай жаялықты барынша аз қолдануға кеңес беремін. Алайда бұл нұсқауды барлығы бірдей орындай бермейді», – дейді Петропавл қалалық 3-ші емхана дәрігері Мәриямгүл Сариева.

Жөргек орта есеппен әр үш сағат сайын ауыстырылуы шарт. Оның ең арзанының бір данасы 100 теңге болса, отбасылық бюджетке келтіретін шығынды есептеу қиын емес. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста