Пәтеріңіздің нөмірі не білдіреді
Егер де пәтерңіздің нөмірі сіздің энергетикаңызбен сәйкес келсе сіз өзіңізді өте жайлы және қолайлы сезініп "менің үйім - менің қамалым" деп нақты айта аласыз.
Біз сізге пәтеріңіздің нөмірін есептеп қандай энергетикалық мағынасы бар екенін айқындап берейік.
Ол үшін пәтеріңіздің нумерологиялық санын мына есеп арқылы табуға болады.
Мысалы,пәтер нөмірі 138 = 1 + 3 + 8 = 12. 1 + 2 = 3. «3» - бұл 138 пәтердің нумерологиялық саны.
1 Саны.Ғаламшары - Күн. Бұл сандағы пәтер иелерін творчестволық қуат және өмірдің қуаныштарына бөлейді.Бұндай пәтерлерде суретшілер,ақын-жазушылар мен журналистер өздерін қолайлы сезінеді.Пәтерде көптеген қызыл-сары түсті жарықшамдардың болғаны дұрыс.Ашық және жайбарақат өмір атмосферасы.
2 Саны.Ғаламшары - Ай. Интуиция және пайымдау. Музыкаға қатысы бар немесе аспаз адамдарға өте жайлы. Бұл пәтерлердің негізгі акценті айнаға түседі, ал түс жағынан ақшыл сары түстер қолайлы болып есептеледі.
3 Саны. Ғаламшары – Қызылжұлдыз. Өмірге деген ерік,талпыныс пен әрекет осы баспана тұрғындарына қажетті нәрсе.Жалқау адамдар туруға тиіс емес пәтер.Интерьерде қызыл түстер көп болуы тиіс. Пәрменді жерлердің бірі болып кіре беріс есептеледі,сондықтан сол жерге көп көңіл бөлген дұрыс.
4 Саны. Ғаламшары – Балпан. Бұндай баспанада өте шыншыл адал адамдар өмір суруі тиіс.Тұрғындары жиі саяхаттауды ұнатады.Пәтердің ішкі көрінісінде ақпаратқа байланысты құрылғылардың көп болғаны жақсы.Ал реңдерге келетін болсақ сұр және көгілдір түстердің көп болғаны тұрғындардың өздерін жайлы сезінулеріне көптеген септігін тигізеді.
5 Саны. Ғаламшары – Есекқырған. Бұл пәтерде тұрып жатқан адамдар саясат немесе ғылыммен айналысуы мүмкін. Үйдің ішін сәндеген кезде қызылкүрең түске назар аударған дұрыс. Ал пәтердің нағыз көркін келтіретін шет елдерден әкелінген қола заттар коллекциясы болып табылады.
6 Саны. Ғаламшары – Шолпан. Махаббат,демалыс пен жайлылық. Бұндай үйде мейірімді және ақкөңіл адамдар өмір суреді.Үйдің ішін жылы реңкпен көркемдеуге болады.Жұмсақ жиһаз ,көптеген кілемдер мен гүлдер...Көбіне бұндай үйдерде мысық пен иттерді жақсы көреді.
7 Саны. Ғаламшары – Қоңырқай. Жаппай сынақ.Тұрғындары көптеген қиыншылықтар көріп қаражат жағынан жиі тапшылық көреді. Дегенмен, бәрі соншалықты жаман емес.Осы пәтерде тұрып қаражат жинап өз ісіңіздің кәсіпқой маманы бола алсасыз. Бастысы – істеген ісіңіз бен айтқан сөздеріңізге жиі талдау жасаңыз және йогамен айналысыңыз.Қара көк түсті жиі пайдаланыңыз.
8 Саны. Ғаламшары – Уран. Бұндай пәтерлерде астрологтар мен көріпкелдер тұрғаны жақсы. Көптеген жора-жолдастарыңыз болады. Ішкі интерьерін безендіруде аспан көк түстерін пайдаланған дұрыс. Электр құралдарын пайдаланғанда сақ болу керек.
9 Саны. Ғаламшары – Нептун. Өте ауыр пәтер.Бұндай пәтерлерде дін қызметкерлері,музыканттар және көріпкел-балгерлердің тұрғаны дұрыс.Бұл жерде көптеген зиянды әдеттерді қалыптастыру мүмкін.