Қай күні тудыңыз? Туған күніңіз сіз жайлы қандай сыр шертеді...

Қай күні тудыңыз? Туған күніңіз сіз жайлы қандай сыр шертеді...

1

1-і күні дүниеге келген адамдар табиғатынан шығармашылыққа бейім әрі өнертапқыш болып келеді. Олар өздерінің көзқарастарына нық сенімді және өзгелерді иландыруға қабілетті. Оларға шектеу жасау мен сұраныссыз кеңестер, сонымен қатар істеріне біреулердің араласқаны ұнай бермейді. Сондықтан олар жалғыз, өзгелерден тәуелсіз еңбектенгенді ұнатады. Оларда диктаторлық ниет те байқалуы мүмкін.
Бұл адамдар ерік-жігер мен табандылықтың зор әлеуетіне ие. Дегенмен, бір сәтте-ақ бірбеткей әрі өзімшіл бола қалуы да ықтимал. Негізгі эмоциясы – шамадан тыс өркөкіректік. Оған олар өздерінің барлық ақыл қабілетін жұмсай алады. Әдетте екінші сатыға ығысатын көңіл-күй әуестігі барлық уақытта дерлік олардың амбицияларына бағынышты болып келеді. Олар өзгенің өздеріне бағынышты болғанын талап етеді. Сондықтан да олардың некелері барлық уақытта бірдей сәтті болмауы мүмкін.
Бұл адамдар нық шешімге тез келеді әрі табанды, алға қойған мақсаттарынан таймайды. Егер шындап кіріссе олар көздеген мақсаттарында тамаша нәтижеге қол жеткізе де алады. Олар тік сөлейді, тіпті дөрекі әрі қатаң да көрінеді.
Олар өздерін түсініп бағынатындармен келісіп те жатады, олардың көлеңкесінде қалуға олармен тең дәрежеде болмауға тырыспауы да байқалады. Олардың жеке даралығына, дербестігіне құрмет танытатындар ғана олармен жақсы қарым-қатынаста бола алады.
Бұл адамдар барлық уақытта та батыл қадам мен шығармашылыққа бейім болып келеді. Олардың жеке қасиеттері ең жоғары тәртіпке ие. Дегенмен, олар өзге адамдармен қарым-қатынаста үлкен қиындықтарды бастан кешіреді. Төңірегіндегілер оларға түсіністік танытып, абай болғандары жөн.
Денсаулық тұрғысынан алып қарағанда, олардың әлсіз тұстары – жүрек, көз, қан қысымы.

2

2-сі күні дүниеге келген адамдар – нәзік, жұмсақ, қиялшыл. Ақылды, шығармашылыққа бейім адамдар, көркем-эстетикалық қабілетке, бай дүниетанымға ие. Олардың күші – сезімдеріне қарағанда ақылдарында. Олар дене ләззатынан гөрі рухани ләззат іздейді. Арманшыл, табиғатынан жұмсақ әрі ымырашыл, қызметтік сатыда ілгерілеу үшін күш-жігері мен табандылығы жетісе бермейді. Серіктесімен рухани ортақтық іздейді, олар рухани байланыссыз физикалық тұрғыда бір-бірімен жақын бола алмайды. Егер неке рухани тұрғыда жасалған болса, онда ол сәтті болады, ал кері жағдайда күйзеліске әкеп соғады.
Олар арманшыл, күшті зияткерлікке, жақсы қиялға, қулық-сұмдықсыз әрі үнемшілдікке ие. Олар қиын жағдайға тап болғанда ұнжырғалары түсіп қалады және шығармашылық жағдайға қолайлы жағдай жасалмаса, қалаған дүниелерін жасай да алмайды. Оларға өз идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға табандылық пен бастамашылық жетісе бермейді. Олар үшін ең бастысы – өздеріндегідей рухани байлығы бар серіктестердің төңірегінде болуы. Оларға рухани сұхбат құрып, жан-дүниесін байытатын серік қажет. Ең басты қажеттілігі - өздеріне сенімділік ұялатып, шабыттандыратын зияткер жұп (жұбай) табу.
Оларға заттарға (өздерінің күшті ақылын пайдалана отырып) дұрыс баға беруге үйрену қажет, олай болмаған жағдайда барлық түңілулер мен күйзелістер күтіп тұратын болады.
Оларда бауыр пен ас қорыту жолында проблема тууы ықтимал.

3
Бұл күні дүниеге келген адамдар өршіл және қыңыр келеді. Олар барлық уақытта да қоршаған ортасынан жоғары тұруға ұмтылады, бағынышты болуға еш уақытта келіспейді. Билікті жақсы көреді, өз идеяларын өмірге зор күшпен әрі энергиямен енгізеді, өз жоспарларын жүзеге асыру барысында төңірегіндегілердің тарапынан ешқандай да күдік пен кедергілерге жаны қас. Өте тәртіпшіл, олар мұны өзгелерден де талап етеді. Сондықтан олардан ісіне адал командирлер шығады. Олар шыдамды және барлық күшін жұмсамайынша, ұрыссыз берілмейді, лажсыздықпен ғана беріледі. Зор дене күші мен шыдамдылыққа ие.
Олардың махаббат пен романтикаға уақыттары аз. Махаббатта олар аңшы: олардың көңіл-көтеру нысандары бағынышты болуы тиіс, олар өздерінен басымдыққа ие болмаулары қажет. Олардың серіктестері – олардың құрбаны.
Олар өздерінің көшбасшылығының салдарын ойлап та жатпайды. Дегенмен, табиғатынан көп жау табуға бейім емес. Олар шамшыл әрі өркөкірек. Өзгелерге міндетті болғанды ұнатпайды.
Бұл адамдар өздерінің шамшылдығы мен шыдамсыздықтарын тежеуге үйренулері қажет. Өздерінің теріс қылықтарын басқара алған жағдайда олар көректі тұлғаларға айналып, табысқа қол жеткізе алады.
Олар буындары мен терілеріне назар аударғандары жөн.

4
Олардың негізгі мінездемесі ретінде ақыл мен пессимизм саналады. Әдетте бұл адамдар тамаша академиялық мансап жасай алады. Олардың байқаушылық қабілеттері өте жоғары және оқуда алғыр болып келеді. Олар шамадан тыс күш жұмсап, ұмтылмаса да өте тиімді жұмысшылар.
Кез келген жұмысты еппен, көп күш жұмсамай жасай алады. Олар шамшыл емес, сирек ұрыс-керіске барады. Ысырапшыл, оларға ақша қалай келсе солай жұмсалып кетеді.
Біреуді тез ұнатып қалмайды, ал егер біреуді жақсы көрсе, онда оны өмір бойы сүйіп өтеді. Олардың біреуді сүюі өте қиын.
Туа біткен пессимист болғандықтан, үнемі мұңды өмір сүреді, төңірегіндегілердің ығына жығылуы да қиын. Адамдарға сенімсіздікпен қарайды. Өзіне аса сене бермейді, үнемі біреулердің шабыттандырғанын қалайды. Егер қолдау алатын болса, онда өзін тамаша сезінеді. Ал егер қолдау болмаса, жасқаншақ болып шыға келеді. Пессимизм оған зиянын тигізеді. Яғни, соның салдарынан үлкен жетістіктерге жете алмайды, алдын ала ештеңе шықпайды деген ойға берілуінің салдарынан тамаша мүмкіншіліктерді жіберіп алады.
Олар үнемдей алмайды, егер қажет кезінде қаражат таба алмай қалса, онда ұнжырғасы түсіп кетеді.
Серіктестері, жұбайы мен достары оларды ынтыландырып отырулары қажет. Яғни, олар қолдауға ие болмаса, өздерін жоғалтып алады. Төңірегіндегілердің барлығы да шыдамдылық пен күш-жігерге ие болуы тиіс.
Оларға қалай болғанда да сенімсіздік сенімін еңсеру қажет. Өйткені, одан олардың тек өздері ғана зардап шегеді. Сәтсіздіктің көпшілігі оның өзінде жатыр.
Олардың бүйректерінде проблема болуы ықтимал. Сондай-ақ арқасы мен басы ауыруы мүмкін.

5
Бұл күні дүниеге келген адамдар пайдакүнем болып келеді. Олардың өмірлік негізгі мақсаты - ақша мен дүние алу және оған иелік ету. Олар епшіл, өте үлкен іскерлік қабілетке ие, ақшаға қатысты істері жемісті болады. Қысқа ғана уақыттың ішінде мол қаражат жинай алады. Ақылды әрі ебін тапқыш. Тез бағамдап, шешім қабылдайды, мақсатқа ұмтылғыш. Ақшаға деген махаббаттары және табыс табуға деген шыдамсыздық заңды бұзуға да түрткі болады.
Олармен шүйіркелесу оңай: әңгімелесуге келгенде ұстамды, туа біткен дипломаттар. Тағдырдың қиын сынақтарынан тез ес жинайды. Әрине, егер оны байлық деп санамаса ғана. Ақыл, епшілдік, табандылық,тез әрекет ету жоспарларын орындауға сеп болады.
Өкінішке орай, ақылды болғанымен, олар өз қателіктерін қайталай береді: олар түзелмес ойыншылар. Бұл адамдар барынша қозғыш болғандықтан, шамаларын ұмытып, күйреп те жатады.
Олар кедейшілікте өмір сүруге бейім емес, байлыққа қол жеткізу үшін кез келген тосын жайтқа барады. Жиі заңның құрбанына да айналып жатады.
Бұл күні дүниеге келген адамдардың буындары ауыруы мүмкін. Жүйке ауруларына шалдығу көрсеткіші де жоғары

6
Бұл күні дүниеге келген адамдар магниттік тұлғалар әрі сексуалды тұрғыда барынша тартымды болады. Дене сипаты тұрғысында әлсіздеу де болуы ықтимал. Алайда, көзге тартымды сырт келбетімен, бірегей сүйкімділігімен ерекшеленіп тұрады. Мінез-құлқымен, сыпайы қарым-қатынасымен отқа үймелеген шыбындай қарама-қарсы жынысты өзіне тарта алады. Романтик әрі идеалист. Өзінің сүйіктілерінің құлына айналуға да бейіл. Егер қаражаты жетіп жатса, төңірегін қоршаған әдемі дүниелерге, ортаға толтыруға қабілетті. Бай болса, онда әрине меценат болады.
Бұл адамдардың барлығы эмоционалды өмірге бай болып келеді. Барлық әдемілікті, сұлулықты жақсы көреді. Өзі қалаған дүниеге шынайы қарайды, жанкүйерлеріне сатқындық жасамайды. Идеалдан шабыт алғанымен, шынайы адамдарды жақсы көреді. Ойы айқын, шешімге тез келеді және өз жоспарларын жүзеге асыруда нық қадам жасайды. Олардың идеализмі мені романтизмі кез келген істе үнемшілдікпен және еңбек сүйгіштікпен тамаша үйлесіп жатады.
Ауыр күйге түсіп қалуы да мүмкін: олардың өздеріне сатқындық жасағандары жеккөрушілік сезімі тым жоғары. Бұған қоса, уақыт өте келе олардың кекшілдігі мен жаушылдығы ұлғая түсуі ықтимал.
Оларға өз темпераментін бақылау әдісін жасағандары жөн. Бұл адамдар дос ретінде жақсы, бірақ олардың қатарынан өзіне жау табудан сақтанғаны жөн. Егер ашуланса, өз-өзін бақылай алмай қалуы мүмкін. Егер осы кемшілігін жоятын болса, онда адамдармен әңгімелесуі және қызметтес болуы жанға жайлы болып келеді.
Бұл күні дүниеге келген адамдардың құлағына, тамағына және мұрындарына назар аударғандары жөн.

7
Табиғаты бойынша тәуелсіз, дарынды адамдар, ақылында шек жоқ. Олар материалист емес, бірақ көбінесе басқаларға қарағанда байлық пен материалды заттарды пайдаланады; әсіресе ақша табу олардың ақыл-ойы мен талғампаздығы арқасында түк емес. Олардан танымал жазушылар, ақындар, суретшілер, ғалымдар шыға алады. Олар мұрагерлері мен мұрагерлік кәсіпорындарын жалғастырудың орнына, барлық мәселелерде өз жолымен, бағытымен жүргенді қалайды.
Әдетте олар өмірде көптеген өзгерістерге ұшырайды: олардың басында түрлі жағдайлар орын алады, жұмыс орнын және тұрғылықты жерін де жиі өзгертіп отырады. Олар ұшқалақтар және филантроптар. Олар өздерін толығымен қоғамдық істер мен қайырымдылыққа арнайды. Барлық жерде адамгершілік танытып жүреді. Үлкен түйсікке ие. Олар жақын адамдарының көңіл-күйін аулап, алдын ала жағдайды болжай алуға қабілетті.
Сонымен қатар, олар ауыспалы және тынымсыз, көбіне пікірінен ауытқып шыға келеді, бір адамға байлану деген олар үшін жат ұғым. Болашақ туралы ойлай келе үнемі қауіпсіз жерді іздеумен жүреді. Дұрыс әрі сенімді теңін табу мақсатында бірнеше рет некеге тұруға да бар.
Олардың құбылмалылығы мен тұрақсыздығы егер олар тұрақты мақсат көздемесе, өмірінде үлкен қиындық тудыруы мүмкін. Олар үшін күшті зәкір қажет. Олар мұны құбылмалылықтан арылтып, бір бағытта жол нұсқайтын отбасынан іздейді.
Сондықтан мұндай адамдар өздерін ақымақ сатқындықтар кезінде ұстай білуі тиіс, бұл зияннан басқа ештеңе әкелмесі белгілі. Ең бастысы - ұтымдылық пен мақсат.
Ас қорыту органдарының, терінің және жүйке бұзылуларының проблемалары орын алуы мүмкін.

8
8-і күні туылған адамдар, күнделікті өмірде жағдайға байланысты бөлінген тұлға сипатында көрінеді. Олардың әрекеттерін басқалар сирек түсінеді. Олардың жан достары жоқ, жалғыз. Жиі лайық емес беделге ие болып жүреді.
Олардың барлығының дерлік материалдық және рухани бейімділігі бар. Олар максималистер. Бірінші кезекте олар не нәрсенің болсын материалдық жағы болса, онда олар ақылдылығы мен еңбекқорлығының арқасында үлкен табысқа ие болары белгілі. Екі жүзділігі мен түсінбеушілігіне байланысты олар қудалау мен қуғын-сүргін құрбандарына айналады. Жазалауға ешкім таппай, өздерін жазалағыш келеді. Нәтижесінде, олардың көбісі өз-өзіне қол жұмсауға шебер. Егер олар өздерін жазаламаса, онда олар жамандықты басқа адамдарға жүктейді, нәтижесінде олар әлеуметтік қауіпті болып шыға келеді.
Өте күшті сипатқа ие, терең эмоционалды махаббат пен адалдыққа, құлықтылыққа жетуге қабілетті. Оларды жақсы көру және түсіну қиын, бірақ оларда магнит субъектісі бар және қарсы жынысты адамдар үшін тартымды келеді. Олар ашық және ыстық, бірақ сырт көзге суық болуы да мүмкін. Олар өз сезімдерін басқалардан жиі дұрыс түсінбейтін іс-әрекеттерден тыс айта алмайды.
Олардың бойында тепе-теңдікті және тұрақтылықты дамыту керек. Қоршаған орта олардың ішкі қасиеттерін басшылыққа алуы керек. Олар өз мүдделерінен тыс, өзгелердің үміттерінен бас тартып, өздеріне билік етуге үйреніп, өздерінің қабілеттерін біртұтас және жоғары мақсаттарға бағыттауға, кішкентай нәрселерге араласпауға, бүкіл әлеммен күреспей, өз қолына түсетін нәрселерді қабылдауға үйреніп, шыдамдылықты дамытуы керек
Бауыр, асқазан, бас ауыруы мүмкін.

9
Табиғатынан батыл жандар, қандай қиындық кезіксе де ұнжырғасы түспейді, күресе біледі. Біреуге бағынышты болғанды су қаны сүймейді, басқарғанды жаны сүйеді, ондай кездері өздерін бақытты сезінеді. Ерік-жігер мен қабілетінің арқасында айналасына сыйлы, құрметке ие.
Олар тек бірдей рухты адамдармен ғана тіл табыса біледі: ызыңдарды жек көреді. Мықты сарабдал ойға ие, өзі сияқты жақсы ойлайтындарды іздестіре жүреді. Ешкімді және ештеңені салмақты ойланбай, дұрыс деп қабылдамайды, көзін жеткізіп барып қабылдайды.
Адамдармен қарым-қатынас жасауда олар әлдеқайда шыдамды және төзімді болуы керек. Ерлер лайықты емес әйелдерден аулақ жүргендері дұрыс.
Безгек, қышыма аурулары мазалауы мүмкін.

10
Көшбасшылар, өршіл ойшылдар. Олар өздерінің жоспарларын жүзеге асыруда уақыт жоғалтпайды, кедергіге жол бермейді, өздерінің жоспарларын орындауға мәжбүр және батыл. Қиялға берілгіштік қабілет және шығармашылық жақсы қырынан дамыған. Олар табысқа жету үшін үлкен тәуекелдерге бара алады және шығындардан қорықпайды.
Көшбасшылар ретінде олар өз іс-әрекеттерін күмәнсіз қабылдайтын серіктестерді талап етеді. Олар бәрімен де жақсы қарым-қатынаста болады. Барлығында да өзара қарым-қатынастарды талап етеді: жыныстық қатынаста, махаббатта, достықта, жұмыста да. Олар тәуелсіз жандар.
Олардың басты ұраны: «Өзің өмір сүр, өзгелерге өмір сүргіз». Олар кедергі мен соқыр қалыпта бағынуды еш ұнатпайды. Олар өздерін мақтан тұтып, бағынғанды қалайды. Ақылды, жігерлі, бастамашыл бола отырып, өмірде және қызметте табысқа қол жеткізеді. Олармен тіл табысу әсте қиын емес.
Олар бағындырушыларына сезімтал болмай, өзгелердің пікірін ескермеуі мүмкін. Егер олар басқармаса, өз жолындағының бәрін жайпап өтері белгілі. Сондықтан да оларға өн бойынша шыдамдылық танытқандары абзал.
Жүрекке, көзге, қан қысымына назар аударыңыз

11
Олар қарама-қайшы, олардың іс-әрекеттері оқыстан туады, оларды түсіну де қиын. Өте белсенді, екінші орында қанағаттанбайды. Күш қуаты мол, бастамашыл, тәуелсіз. Олар қатаң шешімдер қабылдайды, тез әрекет етеді, батылдық танытады. Бұл жағдайда сезімтал және нәзік бола біледі. Бірақ егер олар қобалжыған болса, онда олар жоғалып кетеді, олардың жоспарлары батыл болмағандықтан, орындалмай қалады. Сәтсіздіктің алғашқы белгілерінде морт сынып, пессимистік ойға бой алдырады.
Ұялшақ, шынайы, сатқындыққа төтеп бере алмайды. Олардың көңілді істеріне кедергі келтіргенді еш ұнатпайды. Олар тәуелсіздікке ұмтылады, бірақ олар оған қол жеткізе алмайды.
Оларда үнемі амбиция мен белгісіздіктің күресі бар, олар қарама-қайшылықтар мен құмарлықтардың шиеленісі. Олар үшін бастысы – қиялдан сарай салу емес, өз идеяларын өмірге әкелу, әрекет ету.
Барлық айнала адамдар олар үшін ақылдың, шыдамдылықтың және амалдың көрінісі болуы керек. Егер ерлі-зайыптылар ажырасатын болса, оны өлімге әкеліп соқтырмауы үшін жұмсақ аяқталғаны орынды.
Олар әрекетсіздіктен, ақымақтық бейімділіктен, көңілсіздіктен сақ болуы керек. Олар өздеріне және жетістіктеріне сенімділікті дамытуы керек.
Қан қысымы, жүйке бұзылулары мазалауы мүмкін.

12
12-сі дүниеге келген адамдар батыр, бастамашыл, батыл амбицияға ие. Олар көшбасшының оң қасиеттеріне ие, бірақ сонымен бірге жұмсақ арманшыл адамдар. Тұрақты қолдауды, келісуді талап етеді. Кейде жалқаулыққа бой алдырады.
Тәртіпті, әдістемелі, көндігетін адамдарды басқаруға тырысады.
Олармен бірге өмір сүру оңай. Үнемі тұрақты, өзіне тең серіктестерге ие болғысы келеді. Әдетте, олардың интеллектуалды адамдармен құрған некесі бақытты болары айқын.
Нәзік, бірақ қажет болса, олар ойдағыны айтып білдіре де алады. Танымал, жақсы серік бола біледі. Олардан не күтуге болатыны белгілі жайт. Олардың сезімталдығы шамадан тыс болуы мүмкін, олар ұзақ уақыт бойы ренішті кешіре алмауда көрінеді, біреудің кеңесін тыңдағысы келмейді. Қиындықтар болған кездері өз-өзіне деген сенімсіздік оларды мазалайтыны анық.
Оларға арманшыл қасиетті, сенімсіздікті жеңу қажет, шыдамды болып, жоспарларды іске асыруда қиындықтармен күресуге үйрену керек.
Олардың қан қысымын қадағалаған жөн.

13
Бұл адамдар табысқа ұмтылуға, мансап жолында көтерілуге қабілетті. Тәжірибелі, жақсы жоспарлауға қабілетті, сонымен қатар айқын ой, мақтаныш, тәуелсіздік, қатаңдық, төзімділік оларға тән қасиет. Қарыздарды жылдам төлейді. Екінші жағынан, олар пессимистік ойларға бой алдырады, сенімсіз, нәтижесінде көптеген мүмкіндіктерін жоғалтып алады.
Ақыл-парасат, барлық оқиғаны түсіну қабілеті оларды тез үйренуге, өз жұмысын өте тиімді орындауға көмектеседі. Бірақ егер олар өзін өз қолында ұстамаса, сәтсіздікке ұшырайды. Қолда барға қанағат етпей, көбірек алғанды ұнатады.
Оларға қолдау қажет. Қызғаншақ, алайда жанжал құмар емес. Олардың пессимистік ойы айналасындағыларды жалықтырады, дәл осы қасиет өмірдегі табысқа жетуде кедергі келтірері анық.
Бауыр проблемалары, арқа ауруы және бас ауруы болуы мүмкін

14
14-інде дүниеге келген адамдар тумысынан көшбасшылық қабілетке ие, сондай-ақ пессимистер. Материалдық мәселелерде табысты келеді.
Әдетте, олар бай адаммен некелеседі не неке құрады, олардың достары да бай болуы тиіс, әйтпесе олардың арасында жақсы қарым-қатынас орнауы екіталай.
Жағымды және дипломатиялық мәнге ие. Ешкімді өзіне қарсы қоймайды. Сырт келбетіне қараса, достары көп секілді, десе де бұл олай емес. Оларға ақшаға қызықпайтын адамдар керегі жоқ.
Адамдарды пайдаланып, оларды қажетсіз кезінде тастай салады, алайда өзіне қарсы қоймайды. Жауы пайда болса, шектен шықпайды да. Өмірдің материалды тұсына келгенде үнсіз қалады. Оларға ақша барлық нәрсе емес екендігін түсіндіру қажет, сонда ғана жақсы мақсатқа жете алады.
Олар буындарына назар аударуы керек

15
Әдеттегідей, бұл адамдар тумысынан көшбасшы, саудагер болып келеді. Іскерлік қасиеттерге ие, бірақ сонымен қатар оларды романтиктер деп те айтуға болар. Шешімдер қабылдауда және жүзеге асыруда, ол қандай болса да, дұрыс немесе бұрыс та болмайды. Жұмысты аяқсыз қалдырмайды. Іс бойынша мұрагерлікті жалғастыруды, әдетте, басқаларға тапсырады. Өз кәсібін бастайды. Олар ақшаны жақсы көреді, бірақ ақшаның болмауы оларды еш алаңдатпасы да белгілі.
Өте тітіркенгіш келеді, оларды ренжіту оңай. Айналасындағы адамдардың оларға ренжуіне әсте болмас.
Ерлі-зайыптылардың некесі әдеттегідей табысты, бірақ олардың жұбайлары байлыққа ғана емес, сондай-ақ тартымдылығымен ерекшеленуі тиіс, романтикаға да жақсы қарап, елесті жойып алмауы тиіс.
Бір іспен шұғылданбас бұрын олар жақсылап ойланғаны абзал, өйткені олар романтика мен қиялға берілгіш жандар.
Денсаулығындағы олардың әлсіз нүктелері - құлақ, тамақ, мұрын.

16
Жақсы суретшілер және жазушылар, зерттеуші-практиктер, ақылды, қиялшыл, сентименталды және сезімтал жандар. Саяхатшылар. Олар қарама-қарсы жыныстылар үшін қызықты әрі тартымды тұлға саналады, ал әйелдердің жанкүйерлері өте көп. Олардың эмоциялары өте тереңде. Тәуелсіз.
Күшті құштарлыққа қабілетті. Дегенмен, бір адаммен ұзақ уақыт бола алмайды, оларға өзгерістер қажет. Бұл ретте тұрақты құштарлық сезімін әлсіретпейді.
Жыныстық тұрғыда олар күшті әрі агрессивті: еркектер қалауы түскен жанды күшпен, қарсыласуға мүмкіндік бермей алуға тырысады. Олар өте нәзік, өте жақсы нақсүйерлер. Олардың құмарлығын оятқандар бақытты.
Олар сентименталді болуы мүмкін жұбайларынан мелодрамаға ерік берместен-ақ романтикалық бейімділікті талап етеді. Достықта шын берілген, көп досы бар. Дипломат және қайырымды, бұл оларды қоғамның жан-жүрегіне айналдырады. Олар өздерінің тәуелсіздігін құрметтейтін, ісіне араласып, оған шектеу қоюға тырыспайтын адаммен ғана бақытты.
Адасуға бейім, жалғыздықта, оқшау қалудан қорқады, бір адамнан келесіне, бір орнынан екінші жерде көшіп-қонып жүре бастайды.
Оларға өздерінің мығымдылығын тәрбиелеу қажет. Бұл адамдардың тұрақсыздығы мен жеңілтектігін бетке басудың қажеті жоқ. Мұндай мінез оларда өздерін қоршаның ортаның түсінбеуінен дамиды.
Бұл күні дүниеге келген адамдар, өкпесіне және ас қорыту жолдарына назар аударғандары жөн.

17
Бұл күні дүниеге келген адамдар өршіл, энергиялары мол, құбылмалы, көркемдік қасиет пен ақылға ие болып келеді. Проблеманы ойлап, шешуге тырысады. Төңірегіндегілердің оларды түсінуі қиындау.
Олар жеңіл құбылатындықтарына қарамастан, өздерінің тұрақты байланыстарына адал, шын ниетімен берілген. Олардың жақындары түсініп, кешірімді болулары керек. Егер серіктесі оларды бірдеңеден шектеуге немесе кедергі келтіруге тырысса, онда олар байланысын мүлдем үзе алады. Бірнеше рет неке қиюы мүмкін және келесі некесі алдыңғысына қарағанда жақсы бола түседі.
Оларды қызықты қыла түсетін табиғаттарындағы құбылмалылық жиі бақытсыздық та әкеледі. Олар саяхат пен өзгерістерде ғана тұрақты бола алады. Міне, осы себептен тамаша мүмкіндіктері бола тұра, олардың мансабы жиі сәтсіздікке ұрынады. Ең дұрысы оларда ілгерілеуде еркіндік беретін ісі болғаны жақсы. Өздеріне еркіндік беретін және құбылмалы табиғатына араласпайтын адамдармен бақытты болады.
Оларды сырттай шектеуге болмайды. Олар өздерін тұрақтылыққа және өзгерістердің гипертрофирленген ауыртпалықтарына берілмеуге тәрбиелеу қажет.
Бұл күні дүниеге келген адамдар бауырына және ас қорыту жолына назар аударғаны жөн.

18
Бұл адамдардың бойында күш, талант, әртістік қабілет және түйсік жақсы дамыған. Айналасындағы адамдар оларды түсінбей жатуы мүмкін. Жыныстық қабілет те ерекше дамыған, біреуді сүйсе құлай сүйеді, ештеңеге қарамайды. Достыққа адал, алайда олармен тіл табысу өте қиын. Олар туралы жақындары жақсы ақпарат біліп отырады.
Достар әлсіз емес, мықты болуы тиіс. Олар айналасындағы адамдарға жұмсақ, жылы қабақ танытып жүргендері абзал. Көпшілік оны аса зерттеп білмегендіктен, досы болуы да неғайбыл.
Жан дүниесі жиі алабұртып, өзін жайсыз сезінулер болып тұрады.

19
Олар ешқашан ешкімге бағынышты болмайды, өз-өзіне сенімді жандар, біреу жұмысын өзінен артық істей алады деп әсте ойламайды. Әлемнің бәрі де соны айналып жүретіндей көрінеді. Ешқашан қолда барға қанағат етпейді. Кез келген нәрсені ұнамаса бұзып, быт-шытын шығара алады, бұған еш өкінбейді де.
Олар бір нәрсеге қол жеткізгісі келсе, олардан қорқу керек. Өзіне қымбат жандармен ғана үйлесім тауып, тіл табыса алады. Олардың жұбайлары - не өзіне тең жандар, не құлдары.
Соңғы досы қалғанша жолындағының бәрін сыпырып өтеді. Біреудің пікірін, тілін де алмайды. Сол себептен де мүмкіндігінше оларға ашу мен ызаны тыюға кеңес беріледі.
Қанға, қан қысымына назар аударған орынды.

20
Ақылды әрі шығармашыл адамдар, рухани дүниесі бай, көзқарасы ерекше, дене күші жағынан әлсіз келеді. Аспанда қалықтап, қиялға берілгіш адамдар. Өмірдің қиындығына тік қарамай, қиялға ерік береді, өз әлемінде өмір сүреді. Егер жолы болса, олардан мықты суретшілер не ақындар шығады. Өз өмірлерін жүйелеу, жақсарту қолдарынан еш келмейді, өте жұмсақ мінезге ие.
Жолы болмаса, оларды дұрыс пайдаланбай жатыр деп ұғады. Оларға өз-өзіне сенімді адамдарды тауып алу қажет, ондай адамдар арқылы жұмысы да жайлы болып, өмірі де мәнді бола түседі.
Асқазан жолы, бауырға көңіл бөлу керек.

21
Бір жағынан қиялы ұшқыр, қиялшыл, әртістік қабілеті дамыған. Екінші жағынан мықты тұлғалар, көшбасшылар. Өмірде өз жоспарларын іске асыра алатын адамдар, өмірі табысты болады, көңіл-күйі де толық.
Ренжігіщ, жау табуы да оңай. Романтизмі мен арманға берілгіштігі көбіне ренішке әкеп соғып жатады. Өзіне деген сенімділікті өн бойында дамытқандары абзал.
Осал тұс - асқазан.

22
Бұл адамдар - әйелдікті, нәзіктікті бейнелейді. Олар тәуелсіз әрекеттерге, интеллектке және жоғары рухани қасиеттерге қабілетсіз. Өмірде бақытты болуы сирек, көбінесе жабырқау жүреді. Қаржылық қиындықтарға тап болғыш келеді.
Эмоционалды түрде олар әлсіз, оларға сүю өте қиын. Сүй білсе, сенімді әрі адал болады. Осыған қарай достары мен сүйіктілерін жиі жоғалтып жатады.
Ерлі-зайыптылар өздерін үнемі қолдап отыруы керек, қиындықтар мен қайғы-қасіретті бөлісе білуі тиіс.
Өмірдің жағымсыз жағын көреді де жүреді, бұл сенімсіздікке әкеп соғады. Олар өмірдегі табысты мүмкіндіктерін жіберіп алады, әрекет етпейді.
Оларды жиі бас аурулары мазалайды.

23
Бәрі де солардың қалауымен болғанды ұнатады, алайда өз пікірін, қалауын болдыруға мінезі мен күші жетпей жатады. Мықты адамдардың арасында, басылып қалады. Сезімтал әрі өркөкіректігі бар, ешкімге міндетті болғанды ұнатпайды. Әрдайым бәрін реттеп жүргенді қалайды.
Өзі секілді темпераментті адамдармен бас қосқаны дұрыс, некеде басыңқы мәнге ие болғысы келеді.
Әр нәрседе өзінің әрекетін дұрыс деп есептейді. Олармен тіл табысу өте қиын. Мүмкіндік болса, басқа ойды да, пікірлерді де қабылдатып үйреткен дұрыс. Ақшаға сатылмайды, алайда ақша көрсе, алды бұлыңғыр болып кететіні және бар.
Жан дүние күйзелісі, буын аурулары оларды мазалауы мүмкін.

24
Пессимистер. Романтиктер. Алайда көшбасшылық қыры байқалмайды. Дөрекі бола алмайды. Ақылды. Десе де биікке сирек көтеріледі. Көбіне-көп мүмкіндікті жіберіп алады. Тәуекелге барғанды ұнатпайды, соның салдарынан қатарластарына ілесе алмай қап жатады. Қиялға бай, тағдырды жиі кінәлағыш келеді.
Олар достық қарым-қатынаста сенімді әрі адал, адамдармен араласуы қиын, бірақ өмірде сенімді достар мен әріптестер болып қалады. Олар үшін тіпті ескі адамдармен қарым-қатынастарын бұзу да қиынға соғып жатады.
Ұялшақтық қасиеті қарсы жыныстымен тіл табысуда кедергі туғызып жатады.
Тез ашуланғыш, алайда тез қайтады. Достары көбіне сатқындық жасап жатады. Тағдырын бағындыра алмайды, сол себепті де қорғаушыға тапсырады.
Өкпеге, тамақ пен мұрынға баса назар аударғандары дұрыс.

25
25-сі дүниеге келген адамдар нәзіктік, ұқыптылық және ашкөздік сияқты қасиеттерді біріктіреді. Олар заңсыз әрекеттерге оңай түседі. Олар іскерлік дағдыларды жақсы меңгерген, романтиктер, ақылды, рухани қарым-қатынас іздеп жүреді.
Олардың ұраны: «Өзгеріс тыныштыққа қарағанда жақсырақ».
Олар оңай ашуланады, шыдамсыз. Кейде олар қарапайым ақшаға деген сүйіспеншіліктің арқасында жаман ортаға еніп кетуі де мүмкін.
Олардың әлсіз жерлері – тері, ас қорыту.

26
26-сы күні туылған адамдар қонақжайлылық пен көңіл көтеруді жақсы көреді. Олардың үйі әрқашан адамдарға лық толы. Олар сезімтал және терең сезімге қабілетті. Кейбір жағдайларда идеалистер ретінде әрекет етеді.
Бұл адамдар басқаларды ойлап жүреді. Үлкен құрбандыққа қабілетті. Достарға және жақын адамдарға - жұмсақ; олар оның көмегіне жиі жүгінеді, бірақ белгілі бір шегі болуы тиіс.
Әлеуметтік тепе-теңдік әрқашан олардың пайдасына шешіледі.
Өзгелерді өздерінің жеке қасиеттерін құрметтеуге үйретуі керек.
Бұл адамдардың бауырға және ас қорытуға назар аударғаны абзал.

27
Бұл адамдар табиғаты бойынша өте ерекше материалистер. Олар өмірге деген сенімділікті іздейді, ақылды адамдарды рухани қарым-қатынас үшін іздейді. Жақсы қиял мен өткір ақылға ие. Олар саяхат жасауды жақсы көреді және көп біледі. Олар дене белсенділігіне мұқтаж адамдар емес, өздерін ақыл-ой арқылы ынталандырылады.
Олар моральдық қолдау көрсете алатын, жұмсақ, бірақ күтпеген қабілетті адамдарға тартылады. Егер адам түсінікті болса, онда ол оларға қызығушылық танытпайды. Көптеген адамдармен араласуға мүмкіндігі бар. Олар үстемдік жасай алмайды, бұл адамдарға кедергі жасайды.
Тері аурулары, жан дүние күйзелістері орын алуы мүмкін.

28
Өте қызықты, ақылды әрі сезімтал жандар. Ой пікірге бай. Олардан жақсы өнер қайраткерлері шығады.
Достық пен махаббатта адал: шын сүйе біледі, өзгенің сезімдерін түсіне біледі, санасады, ешкімге ештеңені мндеттемейді.
Өзіне қажеттіні біледі, өзгенің пікірін де өзгерте алуға қабілетті.
Қарым-қатынас рухани бағытта жақсы қалыптасқан, серіктесінен тез жалығады.
Бұл адамдарды кей кездері түсінбей жатады, мұндай кездері күйзеліске бой алдырады, лезде пессимистке айналып шыға келеді.
Қиындықтар кезінде шыдамды болу қасиеті оларда жетіспей жатады, осыны дамытқан дұрыс. Бәріне өз әрекетіңізді түсіндіруге еш тырыспаңыз, бұдан ештеңе шықпайды.
Асқазан жарасы, гипертония мазалауы мүмкін.

29
Бұл күні дүниеге келген жандар жұмсақтығымен, пессимистігімен ерекшеленеді. Өз жоспарларын аяғына дейін жеткізеді. Егер жеңіліс тапса, морт сынады. Ақылды, мансап жолында жақсы көтеріле біледі. Өмірде жолы болғыш адамдар. Әр ойлаған жоспарына мақсатты түрде барады. Олардың бойында кездесетін тұрақсыздық серіктестеріне, достарына кедергі болар айқын.
Қиялға берілгіш әрі романтиктер, нысанды өзіне қара білсе, олардан асқан бақытты адам жоқ.
Олардың танымал болуы сирек кездеседі. Жеңіліс табамын деген қорқынышты ой оларды үнемі мазалап жүреді. Оларға жеңіліс кезінде тағдырға бағынышты болмай, күресуге кеңес беріледі. Олардың күш қуатының белсенділігіне сай мақсатқа жетуге болады.
Жан дүниесінің ауыруы, гипертония мазалауы мүмкін.

30
Бұл адамдар батыл, агрессивті, бағынғанды ұнатпайды. Басқа адамдарды бағындыра білуді жаны сүйеді. Өздері тәртіпке қатал түрде бағынғандықтан, өзгеден де осыны талап етеді, өзгенің пікіріне жиі құлақ аспайды, қатал, өз жоспарларынан еш бас тартпайды. Әйелдер де әлсіз болып көрінгісі келгенімен де мықты, қайратты келеді.
Серіктесі жұмсақ әрі әлсіз болғаны дұрыс. Сырт келбеті де көрікті келеді, қарсы жыныстыларды өзіне тарта біледі.
Оларға бағына білетін адамдар ғана тілін таба алады. Достары олармен тең түсуге талпынбай, оларды толықтырып отырса ғана шынайы дос бола алады.
Тері мен буындарға аса мән берген абзал.

31
Бұл санға қатысты адамдар өз мақсаттарына күш-қуатпен жете біледі, біреуге міндетті болғанды қаламайтын жандар. Туа біткен пессимистер, соңына дейңін берілмесе де томсырайып жүретін жандар. Табыс пен мансапқа да қол жеткізгісі келеді, сйте тұра сенімсіздігі бар.
Эмоциялық сезімге бірден тіл қатпайды, достыққа келгенде бәрін ысырып қояды, адал.
Мықты, әр түрлі жандармен бақытты. Олардың жұбайлары басындағы нашар көңіл-күйді, бұлтты үнемі жазып, қуып отыруы тиіс.
Оларға бірінші кезекте пессимизмді, қызғаншақтықты, көңілі қалушылықты жеңе білген дұрыс. Қолда барға қанағат тұтып үйренген абзал.
Жүрек ауруы мазалауы мүмкін.

reactor 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста