Қандай адамдарға велосипед тебуге болмайды?

Қандай адамдарға велосипед тебуге болмайды?

Кез келген спорт түрлері секілді, велосипед тебу де денсаулыққа өте пайдалы. Егер адам денсаулығында қандай да бір ақау жоқ болса, егер ол азғантай уақытта веложарыстан Олимпиада чемпионы болуға дайындалып жатпаса, әрине. Салмақ түсіру процесінде де велосипед тебудің пайдасы зор. Тек физикалық ауыртпалықтар мен тамақтану режимін ағзаңыз көтере алатын болсын.

Қос дөңгелекті велосипедте дайындалу ең алдымен шыдамдылықты, содан соң, күшті талап етеді.

Велосипед тебу кезінде мынадай өзгерістер орын алады:

- жүйелі түрде велосипед тебу жүрек пен буын қызметін және қан айналу процесін жақсартады;

- жалпы дене дайындығы жақсарады;

- иммунитет жоғарылайды;

- велосипед тебу кезіндегі дененің ерекше қимылдауы әсерінен жамбастағы қан айналым мөлшері артады. Содан соң, әрине, көптеген дерттердің алдын алады.

- өкпе тазарады. Әрине,ол үшін сіз велосипедтпен жүріп өтетін бағытыңызды дұрыс таңдауға тиіссіз (мәселен, табиғат аясына шығу). Бұл кезде теріге көп оттегі сіңіп, ми таза ауамен демалады.

- көздегі артық салмақтан арылтады (велосипедпен жүрген жарты сағат ішінде 330-ға жуық калория жойылады). Май қабаттарын жұмсау үшін педальді қарқынды түрде 30 минут бойы айналдыру керек. Алдымен алма кезек тез әрі жай жүруді реттеңіз: 10 минут бойы асықпай, баппен жүріңіз де, кейінгі 5 минутта құдды велошабандоз секілді тез жүріңіз. Содан кейін қайтадан бірқалыпты күйге түсіп, жылдам жүгіруге қайта көңіл бөліңіз.

- айтпақшы, педальді 70-80 айналым жиілігімен айналдыру варикозды тамырларды кеңейтіп, ұзындығы әртүрлі аяқтарды теңестіруге де көмектеседі.

- рулі жоғары орналасқан велосипед арқаңызды тік ұстауға серпін береді. Сондай-ақ, арқа бұлшық еттері де шыныға түседі.

Бәрі де өз мөлшерімен орындалса, нәтиже де көп күттірмейді. Рекорд орнатамын деп талпынудың қажеті жоқ. Егер велосипедті дұрыс теппесеңіз, түрлі ауруларды жамап алуыңыз мүмкін. Әсіресе, тізеңізге түсетін салмақ көп болады. Сол себепті, оларды үнемі жылы ұстап, ұзақ сапардан кейін ағзаңызға демалыс беруді ұмытпаңыз. Суды мейілінше молырақ ішіңіз. Өйткені, велоиспедпен жүргенде ағзадағы су көп шығындалады. Бірақ су ішу режимін де өз денсаулығыңызға қарай реттеңіз.

Кімдерге велосипед тебуге болмайды?

Вестибулярлы аппарат сырқаттарымен ауыратын адамдарға, сондай-ақ, арқа омыртқасының қисаюы және омыртқа арасындағы жарық байқалған жандарға велоиспед тебуге болмайды. Простатит пен простат кальцинатымен ауыратындар үшін де велосипед тебуге рұқсат етілмейді. Остеохандроз, мениск, варикоз және басқа да сырқаты барлардың велосипедке әуестенбегені жөн. Жүрек және жүрек қан тамырлары сырқаты табылған жандарға да велосипед тебуге рұқсат жоқ!
 ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста