Қарбыздың жақсысы қандай болады: Таңдау жасауда кәдеге жарар кеңестер

Қарбыздың жақсысы қандай болады: Таңдау жасауда кәдеге жарар кеңестер

Көп ұзамай сауда нүткелерінде қарбыз сатылымға шығарыла бастайды. Осы орайда жақсы қарбыз таңдауда кәдеге жарар кеңестерді "Замана" басылымы назарға ұсынды.

Басылымның жазуынша, қарбыз таңдарда келесі жайттарды ескерген жөн: 1. Тым кішкентай немесе тым үлкен қарбыз алмаңыз. Ең дұрысы – салмағы 5 келіден артатын қарбыз. Ұсақ қарбыз көлеңкеде өскен, азықтық заттарды мөлшерден аз сіңірген, ал үлкен қарбыз "нитратты" көп жеген болуы мүмкін. 2. Қарбыздың қабығының түсі ашық болғаны жақсы. Яғни жарық пен жылуды, азықтық заттарды жеткілікті мөлшерде алған қарбыздың қабығындағы қара-көк, жасыл-ала түстер өз сызығымен айқын көрініп тұрады. 3. Қарбызды қысып көріп таңдайтындар бар. Алайда бұл үзілгеніне ұзақ болмаған, көп тасымалданбаған қарбыздарға ғана қатысты әдіс болып табылады. Ал үзілгеніне көп болған, ұзақ тасымалданған қарбыз қысып көргенде шыртылдаған дыбыс шығармайды, өйткені оның еті біршама босаған. Сондықтан қарбызды сол қолға ұстап тұрып оны бүйірінен шапалақпен жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қарай ұрып көру керек. Сонда ол оң қолдың соққысын сол қолға толық сезіндіреді. Бұл оның жақсы піскенінің белгісі. ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР Шымкентте газ бен дизель тапшы: Жанармай бекеттерінде ұзын-сонар кезек пайда болды (видео) 4. Қарбыздың жерде жатқан жері сары емес, күңгірт қызғылт сары түсте болғаны жақсы. Бұл да оның жақсы піскенін байқатады. 5. Қарбыздың "құйрығы" емес, осы "құйрықтың" қарбызға жалғасқан тұсы "құрғақ кіндік" түрінде болғаны жақсы. Яғни өз күшімен, дұрыс піскен қарбыз сабағынан өз күшімен бөлінеді, құйрығы қурайды. 6. Жақсы піскен қарбыздың қабығын тырнақпен жыруға болмайды. Өйткені ол қатты, толық пісіп, сабағынан өз күшімен ажыраған қарбызды күн қызуынан, буланудан сақтайды. Ал егер саусақпен сырып көргенде қабық жырылып-тесілсе, онда қарбыздың толық піспеген болғаны. 7. Қарбызды бір тұсынан саусақ ысығанша ысқылап, иіскеп көрсе де болады. Егер осы кезде жаңа шабылған шөп иісі шықса, онда ол қарбыздың піспегенінің белгісі. 8. Ашыған немесе ашиын деген қарбызды алуға болмайды. Ал ондай қарбыздар жұмсақ, былқылдақ болады. Алақанмен ұрып көргенде адам су толы пакетті ұрғандай болады. Бұл – сырты бүлінбеген болса да, еті езілген қарбыз. 9. Қарбыз ірі әрі жеңіл болса, ол оның жақсы піскенінің белгісі. Яғни шикі қарбыз сырт көрінісіне қарағанда салмақты болады. Өйткені қарбыз жетілген сайын оның өзіндік салмағы ортая береді.

kaz.nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста