Қауіпсіздік ережесі: Балалар мен ересектер лифтіні қалай қолдануы керек?

Қауіпсіздік ережесі: Балалар мен ересектер лифтіні қалай қолдануы керек?

Лифт істен шықса, бірден көңіл-күйіміздің түсетіні жасырын емес. Себебі ол өмірді, дәлірек айтсақ, шаршауды жеңілдететіндей көрінеді. Бірақ лифт күтпеген жерден бұзылып қалуы мүмкін сағат механизмі тәрізді. Мұндай жағдайларда не істеу керек? Кез келген лифт қолданушысы қандай ережелерді есте сақтағаны дұрыс?
Лифті тоқтап қалса, қорықпаңыз.
Біріншіден, ол төменге құлап кетпейді. Барлық лифтілер арнайы ұстап тұратын механизммен жабдықталады. Лифті қалыптағы жылдамдықтан артық қозғалысқа түссе, механизм оны автоматты түрде тежейді.
Лифтіні қолданарда қандай қауіпсіздік ережелерін білу керек?
Кез келген тұрғын үйдің бірінші қабатында лифтіні қолдану туралы нұсқаулық болады. Оны оқып шығуға ерінбеңіз. Нұсқаулық ойда бірден сақталады әрі қажет уақытында есіңізге түседі. Бұған сенімді болыңыз.
Тұрғын үйлердің көбінде әлі де ескі лифтілер қолданылады. Олардың есігі адамның көмегі арқылы жабылады. Лифтіге мініп, өзіңізге қажетті қабатты таңдағаннан кейін, есіктің мықты жабылғанына мән беріңіз.
Көп адам жіберетін қателік: лифт ішінде тұрғаныңызда, ол істен шықса, өз күшіңізбен шығуға талпынбаңыз. Біріншіден, сабыр сақтап, “диспечерді шақыру” түймесіне басыңыз. Есігін қағып, сырттағы адамдарды көмекке шақырыңыз. Сіздің дауысыңызды еститін жан табылады. Күшіңіздің көп екеніне қаншалықты сенімді болсаңыз да, есікті өз қолыңызбен ашуға тырыспаңыз. Дәл осылай істеймін деп, шахтаға құлағандар жайлы қайғылы фактілер аз емес.
Балалардың лифтіні қолдануға қатысты сақтық ережелері
Балалардың лифтіге ересек адамдармен бірге кіргені дұрыс. Кабинаға бірінші үлкен адам, одан кейін бала кіруі керек. Шығар кезде керісінше бала бірінші, одан соң ересек адам соңынан шығуы қажет.
Қауіпсіздік үшін баланың қолынан ұстап тұрған жөн.
Лифтіде баланың ойнап, секіруіне, түймелерді бейберекет басуына жол бермеңіз.
Балаға лифт тоқтап, істен шыққан жағдайда диспечерді қалай шақыру керегін көрсетіңіз.
Баланың бөгде адаммен бірге лифтіге кіруіне тыйым салыңыз. Дұрысы, жаяу шығып-түсуі керек немесе лифттің қайта келуін күтуі қажет.
Сенімсіздік тудыратын бөгде адаммен бір лифтіде болғанда не істеу қажет?
Лифтіге мініп-түсу аз уақытқа ғана созылғанымен, әккі қылмыскер үшін бұл уақыт та жеткілікті. Сол себепті сырт келбеті сенімсіздік тудыратын бөгде адаммен бір лифтіге тап болғанда, мыналарды есте сақтаңыз:
Лифтіге қауіпті адамның кіргенін аңғарсаңыз, бірден бірнеше қабаттың түймелерін басып тастаңыз. Есіктің жиі ашылғаны Сіздің пайдаңызға асады.
Лифтіде өрт шықса, не істеу керек?
Жүріп бара жатқан лифтіден өрт шықса, оны өзіңіз тоқтатуға тырыспаңыз. Өзіңіз баратын қабатты күтіңіз немесе ең төменгі қабатқа түсіңіз. Кабинадан шыққан кезде, лифтті блоктап тастаңыз. Осылайша, Сіз өзгелерді де өміріне төнген қатерден сақтайсыз.
Маман келгенше өртті сөндіруге үлес қосыңыз. Есте сақтаңыз: лифтідегі өртті өзге де электр құралдарындағыдай сумен өшіруге болмайды. Оны құм, топырақпен ауыздықтауға тырысыңыз. Егер олар жоқ болса, дымқыл, қалың матаны, ұнтақ немесе көмірқышқылды өрт сөндіргішті қолданыңыз.
Өртті сөндіру үшін кабинаға кірмеңіз! Оның өздігінен қозғалып кетпесіне кепілдік жоқ.
Егер лифт автоматты түрде ашылып, жабылатын болса, өрт шыққан кезде қолыңыздағы икемге келетін заттармен (қолшатар, кілт, т.б.) есікті ашуға тырысып көріңіз.
Егер лифт есіктері автоматты болмаса, ісіңіз жеңілдейді. Оның ішкі есіктерін ашыңыз, ішкі есікте тұрған роликті тетікті басыңыз. Сыртқа шығуға мүмкіндік пайда болады.
Маманның көмегінсіз сыртқа шығар кезде, абай болыңыз. Жоғарыда тұрғаныңызды ұмытпаңыз. Асықпай, еппен, шахтаға құлап кетпейтіндей қимылдаңыз.
Егер өздігіңізден шыға алмасаңыз, сабыр сақтап, көмекке келетін адамдарды күтіңіз. Мұрныңызды киіміңізбен болсын жауып алыңыз.
Төтенше жағдайға тап болсаңыз, құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге хабарласаңыз. Телефон номерін балаларыңызға да жаттатыңыз:
Өрт сөндірушілер – 101
Құтқару қызметі – 109 

baribar.kz/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста