Қазақ жігіттері төсекте қауқарсыз. Неге?
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында қандай қызық дерек жүргенін білесіз бе? Еліміздегі еркек кіндіктілердің 30 пайызға жуығы белсіз екен.Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында қандай қызық дерек жүргенін білесіз бе? Еліміздегі еркек кіндіктілердің 30 пайызға жуығы белсіз екен.
Урология мамандарының да аузынан, әсіресе бүгінгі жастардың төсек қатынасында өте әлсіз екені айтылады. Өйткені олардың алдына келіп, тексеруден өтіп жүргендердің басым көпшілігі 18-25 жас аралығындағы жігіттер екен.
Қазақтың жас жігіттеріне не болды? Неге төсекте қауқарсыз?
Жақында әлеуметтік желілерді ақтарып отырып, мынадай жазбаларды көзім шалып қалды.
Бір қыз бала жігітінің төсек қатынасына түсе алмай қатты қиналатынын, оған не істеуге болады деп жұрттан кеңес сұрапты. Осы жазбаның соңындағы пікірлерге көз салып, жағамды ұстадым.
Неге дейсіз ғой? 70-ке тарта пікір қалдырғандардың 95 пайызы қыз-келіншектер екен. Бірен-сараны болмаса, көпшілігі былай деп налиды:
«жігітімдікі дұрыс тұрмайды», «күйеуіме құмарым қанбайды, сондықтан өзге еркекке аңсарып ауып тұрады», «Жігітімнің жасы небәрі 22-де, бірақ «тұрғызатын» қымбат дәрі сатып алып, соны пайдаланып жүр. Оның зияны бар ма?».
Осы секілді пікірлер.
Бұдан нені көреміз? Әрине, қазіргі жастардың төсек қатынасына қабілетсіз екенін байқаймыз.
Ал бұған не себеп?
Кәдімгі қазақы кедейшіліктен құнарлы тамақ жемей ме, әлде көше бойында тамақтанып, химиялық қоспалары көп сусын ішкеннен бе? Әлде ғаламторда өріп жүрген жалаңаш қыздардың суреттерін, не болмаса порно-эротикалық киноларды көп көріп, жалаңаш әйел денесіне деген қызығушылығы, құмарлығы өліп кеткен бе?
Білмедім.
Егер осылай жалғаса берсе, ертең ұлтымыздың демографиясына кім үлес қоспақ? Шетелдік, қытайлық «күйеу балалар» ма?
Солай сияқты. Өйткені қазақтың жігіттерінен не қайыр?