Қиярдың қандай пайдасы бар?
Әдетте қияр өте пайдалы деп есептеледі. Былай қарасаң, өте сулы көкөніс. Сонда оның несі пайдалы?
Нұржан ЕРМҰРАТ, Талғар қаласы
95 пайызы судан тұратындығына қарамастан, қияр дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Оның құрамында В тобына жататын дәрумендермен қатар, жүрек-қан тамырлары үшін пайдалы калий, организмдегі зат алмасу процесінің қалыпты жұмысы үшін қажетті йод және аскорбин қышқылы бар. Бір қызығы, қиярдың көлемі неғұрлым кіші болса, оның құрамындағы С дәруменінің мөлшері соғұрлым көп болады. Сондықтан сатып алған кезде мүмкіндігінше ұсақ қиярларды таңдаған абзал. Қияр астың дұрыс қорытылуын қалыпқа келтіріп, зат алмасу жұмысын реттейді. Сондай-ақ қияр – арықтағысы келетіндер үшін де таптырмайтын тағам. Себебі калориясы аз болғандықтан, ол организмде майдың түзілуін тежейді. Сол үшін таңертеңгі ас орнына қияр салатын пайдалану артық салмақтан құтыла алмай жүргендер үшін бірден-бір ем болмақ.