Қорқынышты ойлардан құтылудың 3 тәсілі
Адамға үнемі қорқынышты ойлар үйір. Біреулер бұл ойларды сейілтіп жібере алады. Ал біреулер тығырыққа тіреледі.
Ал біз қорқынышты ойлардан құтылудың 3 тәсілін ұсынамыз:
Қорқынышты ойлардың қалыпты жағдай екенін қабылдаңыз. Және бұл ойларды одан сайын тереңдете бермеңіз. Қазбалап, қайта-қайта ойлай берудің, басқаларға айта берудің қажеті жоқ.
Ойлар бұл – ойлар ғана. Және олар әрдайым ой болып қалады. Ой – бұл нейротрансмиттердің бір бөлігі ғана. Сондықтан оларды ауыр қабылдағанды қойыңыз.
Шешім бар. Ешкімнің қолында сиқырлы таяқша жоқ. Дегенмен әр ойдың, әр түйіннің шешімі бар. Сіз кемшілігі мен артықшылығы бар адамсыз. Сондықтан ойдың да шешімін өз қолыңызға алыңыз. Қорнышыңыздың астында не жатқанын ойлаңыз. Сізді ол ойларға не итермелеп тұр. Сол түйінді шешіп көріңіз.