Құнанбай Меккеде тәкие салдырған

Құнанбай Меккеде тәкие салдырған

Біз Абай туралы оқып-білгенімізбен, оның әкесі Құнанбай туралы көп дерек білмейміз. Ұлы ақынның әкесі жайында қысқаша баяндап берсеңіздер.
Бір топ оқушылар,
Ақтөбе қаласы

Құнанбай Өскенбайұлы (1804-1986 ж.ж) Абайдың әкесі, аға сұлтан, қоғам қайраткері. Құнанбай Тобықты елін билеген беделді адам болған. Өскенбайдан басталған билікті оның ұрпағы 150 жыл бойы, Кеңес өкіметі келгенге дейін қолдарынан шығарған жоқ. Құнанбай әуелі шағын ауылды басқарады, кейін болыс басқарушысы болып сайланып, тобықты елін биледі. Келе-келе дуанды басқаратын аға сұлтан дәрежесіне дейін жетіп, даланың беделді де білікті әкімдерінің қатарына көтерілді. Оның төрт әйелі болды. Бәйбішесі Әйбөбектен (Күңке) Құдайберді туды, екінші әйелі Ұлжаннан Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан; Айғыз деген әйелінен Халиулла, Смағұл, Кәмшат туған; төртінші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Құнанбайдың қоғамдық қызметіндегі игілікті қызметінің бірі – оның оқу-ағарту ісіне ерекше мән бергені. Ол өзі дінді мықтап ұстанып қана қоймай, қара танудың, сауат ашудың, ескіше ғана емес, орысша оқудың заман ағымына өте қажет екенін ұғынып, өз ауылынан қазақ балаларына тіл үйретіп, білім беретін училище ашпақ болып, 1845 жылы шекара басқармасына қазақша-орысша сөйлей алатын, жаза білетін орыс мұғалімін сұрап хат жолдайды. Шекара бастығы Құнанбайдың бұл тілегін мақұлдайды. Бірақ екі тілді бірдей білетін мұғалімнің жоқ екенін айтып, тобықты еліндегі тілмәшті қызметтен бос уақытында еңбекақы төлеп, бала оқытуға пайдалануға кеңес береді. Бұдан кейін Құнанбай «Ескі там» деген жерде мектеп ашып, онда орысша сауатты Ғабитхан Ғабдыназарұлы деген ноғайды мұғалім етіп тағайындайды. Сөйтіп, өз балалары мен руластарының балаларын оқыта бастайды. Құдайберді, Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, Халиуллалар алғашқы сауатын осы мектепте ашқан. Құнанбай балаларын одан әрі оқытуға ерекше ынталы болады. Ибраһимін Семейдегі діни медресеге береді. Халиулланы 1858 жылы Омбы кадет корпусына оқуға енгізеді. Оны бітірген соң Мәскеудегі әскери училищеде оқуына мүмкіндік жасайды. Құнанбай 1849 жылы Қарқаралыда мешіт, 1874-75 жылдары қажылық жолмен Меккеге барып, оңда мұсылман елінен барған адамдар түсетін үй — тәкие салғызған.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста