Құрма қандай дертке шипа?

Құрма қандай дертке шипа?

 Құрма – арабтардың күнкөрісінде маңызды орын алатын иісі мүлдем білінбейтін бірақ дәмі тіл үйіретін тәтті жеміс. Бұл жеміс тарихшылардың айтуы бойынша, адамзат тарихының 3500-4000 мың жыл бұрын пайда болған деседі. Құрманың 500-ге тарта түрі субтропиктік және тропиктік аймақтарда таралған.

Құран Кәрімде де құрма жайлы бірнеше жерде баяндалған: «Көктен су түсірген де – Алла. Кейіннен сол арқылы әр түрлі өсімдіктер шығардық. Ол өсімдіктен бір жас бұтақ өсіп, бір-бірінің үстіне мінгескен дәндер, масақтар өндіреміз. Құрма ағашынан жеміс толы салбырап тұрған бұтақтар, бұған қоса жүзім, зәйтүн, анар бақшаларын өсіреміз. Бұлардың кейбіреуі бір-біріне ұқсайды, кейбірі ұқсамайды. Алғаш жеміс салғанда және толық піскен кезінде әрқайсысының жемісіне қараңдар. Күмәнсіз, сенетін көпшілік үшін мұнда көптеген ғибраттар бар» (Әнғам сүресі, 99).

Адамзаттың ардақтысы сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.а.у) бірде Сахабаларға қарап: «Ағаштар арасында жапырағы еш түспейтін ағаш бар, ол ағаш мұсылмандарға ұқсайды. Оның қандай ағаш екенін білесіңдер ме?» – деп сұрайды. Сонда сахабалардың бәрі ағаш атауларын атай жөнеледі. Хадисті жеткізуші Ибн Омар (Алла ол кісіден разы болсын) ішімнен құрма ағашы шығар деп ойлап отыр едім, лезде сахабалар Алла Елшісі жақсы біледі деді жамырай. Сол сәтте Пайғамбарымыз (с.а.у): «Ол құрма ағашы», – деді. (Муслим. Тирмизи)

Алла Елшісі (с.а.у) құрманы қатты ұнатқан. Мәселен, құрма маусымында өзіне сыйлық ретінде тартылған жас құрмаларды кері қайтармайтын. Тағы бір сөзінде «Құрмасы жоқ үйдің адамдары анық аш қалғаны» деп, құрманың Мәдиналық кедейлердің күнкөрісінде қаншалықты орын алғанын байқатқан (Ибн Мәжә). Шаңырағында айлап қазан асылмаған уақыттардың өзінде де оларға арқау болған құрма мен қара су еді. Айша анамыз (р.а.) сол күндерді: «Алла елшісі (с.ғ.с) қайтыс болғанда да, қара құрма мен қара судан басқа ештеңе таппағанбыз», – деп еске алған (Бұхари). Бірақ тек құрма жеп күнелткен уақыттарда сахабалардың ешбірі ауруға ұшырамаған.

Себебі, құрма жемісі тек қана азық емес, сан түрлі дерттің таптырмас шипасы. Құрма адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне қажетті барлық дерлік пайдалы заттарға ие.

Құран және Сүннетте адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) былай бұйырады: «Әйелдеріңізге босанғаннан (нифас халінде) кейін құрма жегізіңдер. Босанғаннан кейін құрма жеген әйелдің баласы момын, жуас болады. Мәриям Исаны (а.с) дүниеге әкелген кезде жегені тек құрма болатын. Егер құрмадан да қайырлы жеміс болса, Алла соны жеуін әмір етер еді», – деген. Тағы да айта кететін жайт Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жаңа туылған сәбидің ауызына құрма салатын болған. Сол сәбилер кешегі өткен сіз бен біз танитын ғалым Ибн Аббас секілді сахаба ғалымдар. Бұл үрдіс күні бүгінге дейін әдетке айналған.

Құрманың медициналық тұрғыдан пайдалары

Олар айтарлықтай құнарлы (100 г.-да 277 ккал.), сондықтан керемет қуат көзі болып табылады. Құрманың бойында көмірсулар (60-65%), мыс, темір, мырыш, кобальт, калий, фосфор, күкірт, бор, алюминий, кадмий, сонымен қатар тиамин, ниацин, рибофлавин, фолацин, пиридоксин, К дәрумені, тағамдық талшықтар, фтор, селен, пектин және аминоқышқылдардың 23 түрі бар. Фтор тістерді тісжегіден қорғаса, тағамдық талшықтар мен селен иммунитетті көтеріп, қатерлі ісік пен жүрек-тамыр ауруларының алдын алса, калий сол жүрек пен қан-тамыр ауруларында көмектеседі. Құрма суық тигенде (әсіресе ағзаның шамадан тыс әлсізденген жағдайда) көмектеседі; еркектік қауқарды көбейтеді; сарыуайым кезінде, ағзаның әлсізденуінде, созылмалы шаршау кезінде жәрдем береді; бауырды, бүйректі және жүйке жүйесін бекітеді; ішектегі пайдалы бактериялардың өсуін қамтамасыз етеді; қанды нәрлендіріп, ағзаға аурутудырғыш микробтарға қарсы тұруға көмектеседі және қышқылды теңгерімді қолдап тұрады.

Құрма онкологиялық ауруларда, туберкулезді емдеу кезінде және ми қызметін жақсарту мақсатында қолданылады. Арықтағысы келіп, алайда тәттіден бас тарта алмай жүрген адамдар конфеттің орнына құрма қолданса болады, себебі олардың тәттіге қарағанда нәрлілігі аз. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 10 түйір құрма адамға магнийдің, мыстың және күкірттің тәуліктік мөлшерін қамтамасыз етеді.

Бұл жемісті шикі түрінде де, кептірілген түрінде де жей беруге болады. Құрмадан салаттар, нәрсу (компот), десерт, тіпті бал да дайындайды.

Құрма пальмасының жемістері гипертониктерге (қан қысымы көтеріңкі адамдар) аса пайдалы, себебі қан тамырының тарылуын баяулатады. Құрма Алланың қалауымен күш-қуатты көбейтіп, тонусты арттырады; көптеген кеселдерде көмектеседі; әсіресе экологиясы нашар аудандарда тұратын адамдарға жеуге кеңес беріледі. Аш қарынға желінсе ішектегі құрттарды өлтіреді. Құрма бауырды қуаттандырады, асқазанды тазалайды, әлсіз бүйректі күштендіреді. Құрманы сүт араластырып қалампыр қосып ішсе, өкпенің қабынуы (Бронхит) сияқты тыныс жолдарына шипа. Құрманың құрамында танин көп болғандықтан дене жарақаттарын тез жазады. Адамды арықтатады, егер күрішпен бірге пісірсе семіртеді. Құрамында А Е Б дәрумедеріне де бай, алмадағы темірдің екі есесі құрмада табылады. Сол себепті қан аз болған (гемоглобин) кісіге көп жеуіне кеңес беріледі. Жаңа босанған ана үшін таптырмас жеміс, өйткені ана сүтін көбейтеді. Сондай-ақ рак ауруына қарсы пайдалы, құрамында микроп атаулы жоқ бірден-бір жеміс. Құрма сүйектерін үгітіп кофе қып қайнатып ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып демалдырады. Сонымен қатар беттегі түрлі дақтарды (босанғаннан кейін әйелдерде болатын және күнге күйгеннен қалған дақтарды кетіріп бет пішінін қаз қалпында сақтап, әжімнің тез түсуінен қорғайды. Сонымен қоса Құрманы жатардан алдын жесе сал ауруына қарсы өте пайдалы. Күнімізде медицина құрманы бир күнде ең көп дегенде бесеуін жеуге кеңес береді.

Құрманың түрлері

Әжуа құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) былай дейді: «Әжуа жәннат жемісі. Ол улануға қарсы». Бұны бүгін күніміздегі медицина ғылымы да дәлелдеп отыр. Тағы бір хадис шәрифте: «Кімде- кім аш қарынға күніге жеті әжуа құрмасын жесе, сол күні кешке дейін сиқыр мен уланудан құтылады, ал егер кешқұрым жеті әжуа құрмасын жесе таң атқанға дейін сиқыр мен уланудан құтылады», – деген (Муслим). Бірде саңлақ сахабалардың бірі Саъд бин Әбууаққас (р.а) Меккеде қатты науқастанып қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у) хал-жағдайын сұрай барып: «Сен жүрек ауруына шалдығыпсың»,– деп, Харис есімді дәрігерді шақыруды бұйырып, оған әжуа құрмасының жетеуін сүйегімен бірге сүт немесе майға араластырып қою күйінде жегізуін әмір еткен (Әбу Дәуід). Осыдан кейін Саъд бин Әбууаққас (р.а) жазылған екен. Бұдан байқағанымыздай әжуа құрмасының жүрекке де ем екенін көруге болады.

Бәрани құрмасы. Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у) өзін зиярат етіп келген Абдулқайс тайпасының адамдарына сол аймақтағы құрмалардың түрлерін әңгімелеп, «Сіздерде өсетін құрмалардың ең жақсысы әрі ең пайдалысы аш адамды тойдырып, күш-қайратты арттырады, ауруды емдеп еш ауру туғызбайтын – бәрани деген құрма» деген. Абдулқайс адамдары елдеріне қайтқаннан кейін, бәрани деген құрманың түрін өсіруге арнайы көңіл бөліп, біршама уақыттан кейін біржолата құрманың осы бәрани түрін өсіруге ғана көшкен (Ахмад ибн Ханбәл).

Соңғы жылдарда жүргізілген зерттеулер нәтижесінде құрманың көптеген қасиеттері ашылған.

Бір сөзбен айтқанда, түрлі витаминге бай, тойымды әрі емдік қасиеті мол құрма – ғажап жеміс. Ендеше, осы ғажап жемістен дәм татқан сайын жомарттығы шексіз Жаратушы иемізді еске алып, шүкіршілік етейік...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста