Қыстыгүні қол мен тырнақ күтіміне арналған 5 ереже
Қол мен тырнаққа үнемі күтім қажет, әсіресе жел мен ызғар күшейген қыстың күні тіптен ерекше күтім жасаған абзал.
Қолға арналған жақпа майларды күнделікті пайдаланыңыз. Е, А, D дәрумендері бар жақпа майларды сірқабыққа жағыңыз. Осылайша сіз қан айналымды жақсартасыз, бұл тарнықтың жақсы өсуіне, сірқабықтың жібуіне жағдай жасайды.
Маникюрды екі аптада 1 реттен жиі емес етіп жасатыңыз. Сірқабықты алу үшін жұмсартқыш құралдарды пайдаланыңыз. Мұндай өнімдер сірқабықты тез әрі ұқыпты түрде алуға мүмкіндік береді және саусақтарыңыз күтімді көрінеді. Артынша жұмсартқыш май немесе сірқабықты ылғалдандырғыш жақпа май жағыңыз.
Егер сіздің тырнағыңыз сынғыш келсе, құрғақ не тегіс емес болса, кәсіби өнімдер туралы да ұмытпаңыз. Олар тез әрі тиімді түрде сіздің тырнағыңызды қалыпқа келтіре алады.
Өзіңіздің күтіміңізге жоғары құнарлы құралдарды қосыңыз. Avoplex, OPI күтімі құрамы avocado lipid complex авокадо майының негізінде жасалған, амин қышқылдарына, A, D, E дәрумендеріне, фосфолипидтерге бай келеді. Терінің қатпарын ретке келтіру үшін дәл сол өнімнің скрабы көмегімен (құрамында қант, жүзім майы, карите майы бар) өлі жасушалардан теріні тазартыңыз, артынша жақпа май жағыңыз. Нәтижесінде қолыңыздың терісі тегіс әрі жұмсақ болып шыға келеді.
Сіздің күнделікті тұтынатын тағамдарыңыз дәрумендер мен минералдарға толы екендігіне көз жеткізіңіз (ірімшік, жұмыртқа, теңіз өнімдері, қарақұмық, асжапырақ, сәбіз) — олар тырнақтың өсуіне және сау көрінуіне жағдай жасайды.