Қызанақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
«Қызанақ иммунитетті арттырып, кез келген аурудың алдын алуға көмектеседі» деп естідім. Ол үшін қызанақты қалай пайдалану керек?
Нұрболат КЕЛГЕНБАЕВ, Алматы облысы
Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққа пайдасы өте көп екен. Бұл қоспа иммунитетті арттырып, ағзаға ауру жолатпайтын көрінеді.
Қоспаның дайындалуы:
Жарты литрлік банкіге сұйық балдың 230-250 грамын құясыз да, оны 40 градустық ыстық суға саласыз. Бал судай сұйық болып толық ерігенде, қызанақты ұсақтап турап, балға қосасыз. Қосындыны әбден араластырып болғаннан кейін тоңазытқышқа салып қою керек. Екі күннен кейін қоспаны қайта ысытып, сүт араластырып қайнатасыз. Осы қоспаны тағы бір апта тоңазытқышта ұстайсыз. Сонан соң бір ас қасықтан күніне жеті-сегіз рет жеп отырасыз.
Бал, сүт, қызанақтың емдік қасиеттері ағзаға күш-қуат береді және кез келген аурудың алдын алуға сеп болады. Мұны үш айда бір рет кез келген аурудың алдын алу үшін қолданса да болады. Сонда ауру атаулы сізден аулақ жүреді.