Радиациялық аймақ тұрғынына қандай жеңілдіктер бар?

Радиациялық аймақ тұрғынына қандай жеңілдіктер бар?

Мен Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында 1981 жылы туылғанмын. Біздің аудан Семей ядролық полигоны аумағына, яғни минимальды радиациялық аймаққа жатады. Осыны растайтын куәлігім де бар. 2005 жылдан бері Алматы қаласында тұрып, қызмет істеймін. Маған қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Арнұр НҰРМҰҚАНҰЛЫ,
Алматы
ҚР «Семей ядролық сынақ полигонын­дағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2-бабы мен осы Заңның 10-бабында аталған азаматтар санатының өз денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиянның орнын осы Заңның 12, 13, 14, 15-баптарымен айқындалған мөл­шерде толтыртуға құқығы бар деп көрсе­тілген. Бұл азаматтар санатына әуеде және жер үстiнде ядролық жарылыстар жасалған кезеңде (1949-1965 жж.) радиоактивтi заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс iстеген немесе әскери (соның iшiнде мерзiмдi) қызмет атқарған азаматтар жатады. Заңның 10-бабында атал­ған адамдарға куәлiк берiледi, ол осы Заңда көзделген жеңiлдiктер мен өтемдерге  құқықты растайтын  құжаттар болып табы­лады. Заңның 13-бабына сәйкес төтенше,  ең жоғары,  жоғары және  ең төмен радиа­ция­лық қауіпті аймақтарда және жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұратын  азаматтар қо­сым­ша еңбекақы алу, жыл сайынғы  қосымша еңбек  демалысын  алу түріндегі қосымша  әлеуметтік қолдау шараларын   пайдалануға құқылы. Бұл ретте, қосымша еңбекақы алу, жыл сайынғы  қосымша еңбек  демалысын пайдалану құқығы  Заңда белгіленген аймақтарда жұмыс істеп  тұрып жатқан  және  зардап шеккен азамат мәртебесі бар азаматтарға беріледі. Осы орайда, Семей полигоны  аумағынан көшіп кет­кен  азаматтарға  Заңның 13-ба­бын­­да көзделген  әлеуметтік қолдау шаралары қолданылмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста