Сағыз ыстық пен суықтан қорқады
Киімге, шашқа, кілемге жабысқан сағызды қалай кетіруге болады?Дамира ТӘЖИЕВА, Түркістан қаласы
Оның түрлі жолдары бар. Сұрағыңыздың әрқайсысына жеке тоқталсақ: 1.Матадағы сағызды:
А.Тоңазытқышқа мұз қатырып, оның бір кесегімен киімнің сағыз жабысқан жерін ысқылау керек. Сонан соң ацетонмен немесе құрамында ацетоны бар тырнақ бояуын кетіргішпен сүртуге болады.
Ә.80-90 градустағы ыстық су құйып кетіруге болады. Резеңке еріп кетеді.
Б)Киімнің сағыз жабысқан жеріне сорғыш немесе қағаз қойып үтікпен басуға болады;
Кілемге жабысқан сағызды:
Жабысып тұрған сағызға мұз жағып, сосын кілемнің астыңғы жағына тегіс нәрсе төсеңіз де, соңында ыдыс жуатын сұйықтықпен сүртуге болады;
Шаштағы сағызды:
Жабысып тұрған сағызды сұйық маймен не вазелинмен сылап, тістері тығыз орналасқан тарақпен тараңыз. Жұмсарған сағызды саусақпен-ақ кетіруге болады.
Сондай-ақ кәдімгі жанармай да мата мен кілемдегі сағызды кетіруге жақсы көмектеседі.