Салонға бармай-ақ сұлу болыңыз!

Салонға бармай-ақ сұлу болыңыз!

 Жылдың қай маусымы болмасын өз-өзіңізді қолға алып, ерекше күтім жасаған жөн. Бет терісін, шашты, дене сымбатын дұрыс күте білсеңіз, бұл ажарыңызға керемет көрік беріп, табиғи сұлулығыңызды арттыра түседі.

Жылдың қай маусымы болмасын өз-өзіңізді қолға алып, ерекше күтім жасаған жөн. Бет терісін, шашты, дене сымбатын дұрыс күте білсеңіз, бұл ажарыңызға керемет көрік беріп, табиғи сұлулығыңызды арттыра түседі.
Күнделікті:

Әр күн сайын ашқарынға (тамақ ішуден жарты сағат бұрын) 1 ас қасық зығыр дәнін жеңіз. Зығырды асықпай шайнап алған соң, артынша бір стақан жылы су ішіңіз. Бұл іштей тазалау әрі нәрлендіру әдісі тырнақты қатайтып, шашты өсіріп, теріге оң әсер етеді. Қаперіңізде болсын, ағзаңызда яғни, бүйрегіңізде тас барын білсеңіз, зығыр дәнін пайдалануға мүлде болмайды.
Күніне ішетін су мөлшері 6 стақаннан кем түспесін.
Қайнатылған қызылшадан салат жеп жүріңіз. Қызылша қанды тазартады, бұл теріге керемет әсер етіп, әдемі реңк береді.
Күніне кем дегенде 50 грамм әртүрлі жаңғақ жеп жүріңіз. Екі апта ішінде шаш пен тырнақ әжептәуір өсіп, қатаяды.
Ұйықтар алдында аяқтарыңызды майлап, арнайы шұлық киіп алыңыз. Он бес күннен кейін аяғыңыз кісі қызығарлықтай әдеміленеді.
Кірпіктеріңізге бидай ұрығының майын (дәріханада сатылады) жағыңыз. Ескі сүрмеңіздің қылқаламын әбден тазалап алып, қолданыңыз. Екі аптадан кейін кірпіктеріңіз қалыңдайды.

Аптасына:

Шашыңызға аптасына бір рет құрғақ қышыдан маска жасаңыз. Ұнтақты сұйық маймен араластырып, ботқа етіп жасап алыңыз. Сулы шашқа жағып, 20-30 минут ұстаңыз, содан кейін жылы сумен және сусабынмен жуып тастаңыз. Шашыңыз ұзарады әрі қалыңдай түседі.
Үш күн сайын шашқа желатин маскасын жағыңыз. Арнайы ыдыс алып, оған 1 ас қасық желатинді, 3 ас қасық ыстық суды құйыңыз да, жақсылап араластырыңыз. Содан булап қойыңыз. Суығаннан кейін 1 ас қасық бальзам қосыңыз. Мұны шашыңыздың ұзындығын бойлай жағып, целлофан киіп, үстінен сүлгімен орап қойыңыз. 30-40 минуттан соң, сусабынсыз жылы сумен жуып тастаңыз. Нәтижесінде шашыңыз жұмсарады және жылтырай түседі.
Шашыңызды жуған сайын лимон шырынымен шайыңыз. Бұл одан ары жанданған жылтыр рең береді.
Әр екі күнде сұлы сүтімен жуыныңыз. Сұлы дәнін кофе тартқышты немесе блендер көмегімен ұнтақтаңыз. Су құйсаңыз, жақсы ботқаға айналады. Мұның бетіңізге жағыңыз, аздап массаж жасаңыз. Әуелі жылы, сосын суық сумен шайыңыз. Егер теріңіз майлы болса, оған лимон шырынының екі-үш тамшысын қосуға болады.
Үйдегі бар өнімдерден үнемі нәрлендіретін және ылғалдандыратын маска дайындаңыз. Мысалы, бананды ұсақтап турап, оған айран қосыңыз. Дайын болғанда бетіңізге жағып, 10-15 минут ұстаңыз. Артынша жылы сумен кетіріп тастаңыз. Бұл теріні жұмсартып, таза табиғи түр бере түседі.
5-7 күнде бір рет теңіз тұзы мен қаймақтан немесе кофе қалдығынан жасалған скрабты үй әдісінде істейсіз. Бұл теріні жұмсартады және тегістейді. Тіпті целлюлиттің көрінбей қалуына ықпал етеді.
Осы әдістерді үйде отырып-ақ, өзіңіз жасап, жүзеге асыра беруге болады. Әдемілігіңізді сақтап, ажарыңызды одан әрі арайландыру үшін тек ерінбеу қажет. Ендеше, қажетіңізге жарап, кәдеңізге ассын.
 

syrlasu.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста