Шамаң жетсе – үйлен!

Шамаң жетсе – үйлен!

Қазіргі кезде отау құруға асықпайтын жастардың қатары көбеюде. Асыл дінімізде бұл турасында тәптіштеп айтылған дейді. Соны қысқа да нұсқа бере аласыздар ма?
Дәурен,
Талдықорған қаласы
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) ер адам мен әйелдің кәмелет жасына толғаннан кейін мүмкіндікке қа­рай тез үйленуін уағыздады. Бұл туралы ол (с.ғ.с) былай дейді: «Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіммен амал етпесе, менімен бірге емес. Үйленіңдер, себебі мен қия­мет күнінде бас­қа үмбеттердің қасында сандарыңмен мақтана­мын. Кімнің үйленуге шамасы жетсе, үйленсін». Пайғамбарымыз негі­зін салған мұсылман құқығы бойынша үйлену парыз, уәжіп, сүннет, харам, мәкруһ, мубах бо­лып алтыға бөлінеді.
• Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынасқа баратыны анық болған адамға үйлену парыз. Бірақ ер кісі әйелінің материалдық (ішіп-жемі, киімі, тұрғын үй, ауырған жағдайда дәрі-дәрмек қаражаты) жағдайы және мәһир (қалың мал) ақысымен қамтамасыз етуі тиіс.
• Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынас жасауы мүмкін қаупі бар адамға үйлену уәжіп (керек). Мұндай жағдайдағы еркекке қойылатын шарт – әйелдің мәһир (қалың мал) және мате­риал­дық жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.
• Үйленгеннен кейін жұбайына жәбір көрсетуі анық белгілі болған адамға үйлену харам (ты­йым салынады).
• Ауру болып, үйленгенде бұл ауру жұбайына жұғатын болса немесе жұбайында да ауру болып, үйленгенде бұл ауру еріне жұғатын бол­са, онда мұндай неке харам болып табылады.
• Жұбайына жәбір көрсетуі мүмкін болған адамға үйлену мәкруһ (Аллаһ сүймейді).
• Үйленбесе – жыныстық қатынасқа баратын қаупі жоқ, үйленсе – жұбайына жәбір көрсету қаупі жоқ адам үшін үйлену сүннет.
Үйлену мәселесіндегі мұсылман құқығының бұл үкімдері халықты зинадан қорғауға негіз­делгені анық байқалады. Себебі зина отбасының шаңырағын шайқалтады. Сондықтан Пайғам­барымыз (с.ғ.с) бойдақ жігіттерге: «Ей, жігіттер! Сіздердің араларыңыздан кімнің үйленуге шамасы жетсе, үйленсін. Себебі үйлену – көзді және нәпсіні харамнан қорғаушы» деп жастар­ға зинаға бармастан бұрын үйленуге кеңес берген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста