Шашқа неге ақ ерте түседі?

Шашқа неге ақ ерте түседі?

Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін.
Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен орын алған шаштың ағаруы ешкімді де таң қалдырмайды. Бірақ кейбір адамдардың шашына ақтың ерте түсуі бұл құбылыстың себебін іздеуге жетелейді, деп жазады Massaget.kz

Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда  болған «шаш ауруы».

Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалы альбинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі. Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады.

Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста