Сәуегейлер 2018 жыл туралы не айтқан?

Сәуегейлер 2018 жыл туралы не айтқан?

Енді бірер күннен кейін жаңа, 2018-жыл басталады. Әдетте жаңа жыл алдында тарихта бұрын-соңды өткен, сондай-ақ қазіргі күндері арамызда жүрген сәуегей-көріпкелдердің болжамдары жарияланатыны белгілі. Біз солардың бірқатарын назарларыңызға ұсынуды ұйғардық. Сонымен...

Ностардамус не депті?

Сонау XV ғасырда ғұмыр кешкен әйгілі француз сәуегейі Мишель Ностарадамус былай деген көрінеді:

- 2018-жыл – адамзат баласы үшін ең маңызды жыл. Бұл жылы әлемде дүлей табиғат апаттары көбейеді. Жерге алып аспан денесінің соқ­тығысу қаупі туындайды. Италияның оңтүстігендегі Везувий жанартауы атқылап, мыңдаған адамдардың өмірін қияды. АҚШ-тың батыс жағалауларында қуатты жер сілкінулері орын алады, олардың бүкіл Жер шарына әсері тиеді. Жаһандық жылынудан алапат табиғи апаттар туындайды.

- Экономикалық дағдарыс тереңдей түседі. «Алпауыт байлар бірнеше мәртеден өледі».

- Екі ірі держава арасында соғыс басталады, ол 27 жылға созылады. Ядролық лаңкестік қатері күшейеді. Әлемге 3-ші Дүниежүзілік соғыс қаупі төнеді.

- Осы жылдан бастап көп елдерде тууды жоспарлау мемлекеттік деңгейде қолға алынады. Адамдар өмірге бала әкелу үшін арнайы сертификат, рұқсат қағаздарын алуы тиіс болатын заңдар қабылданады.

- Адамдар жануар тілін түсіне бастайды. Медицина мен фармацевтика бұрын-соң­ды болмаған дәрежеде дамиды. Адамның өмір жасы 200 жасқа дейін ұзаруы басталады. Қазіргі 80 жас­тағы адамдар 50 жастағыдай көрінетін болады.

- Ұлттық тілдердің, халықтардың кейбірі жоғалады. Әлем халықтары бір тілде сөйлейтін болады.

- Бүкіл әлем елдері бо­йынша салық жүйесі жойылады.

Ванга айтыпты деседі

Кейбір ақпарат көздері ХХ ғасырда өмір сүрген болгар көріпкелі Ванга айтқан деп бірқатар болжамдар туралы жариялап жатыр. Ол кісі былай депті деседі:

- 2018-жылы әлемнің экономикалық және саяси өмірінде көптеген жаңалықтар орын алады.

- Жануарлардың гормонынан адамның өмірін ұзартатын, оны сыртқы жағымсыз әсерлерге аса төзімді ететін препарат жасап шығарылады.

- Жер бетінен биікте, Күн қуатымен сағатына 500 шақырымға дейін жылдамдықта жүретін пойыздар қатынасқа ендіріледі.

- Мұнай өндіру тоқтатылады, адамзат қуаттың басқа, баламалы түрлерін көптеп пайдалана бастайды.

- Қытай экономикасы әлемде бірінші орынға шығады. Ол өзге елдерге өзінің еркін таңа бастайды. Бұрын өзге елдердің табанында бол­ған бірқатар мемлекеттер енді өздері сырттан отар иелене бастайды.

- Ресей есін жиып, империя дәрежесіне жетеді. Сирия­дағы соғыс соңы 3-ші Дүние­жүзілік соғысқа ұласу қаупі күшейе түседі.

Глобаның болжамдары қандай?

Қазіргі көріпкел-сәуегей­лердің ішінде аты шығып тұрғаны – ресейлік астролог Павел Глобаға да жұртшылық сенеді. Өйткені оның осы уақытқа дейінгі болжамдарының 85 пайызы тура келген екен. Осы П.Глоба 2018-жыл туралы болжамдарында былай депті:

- Әлемдік экономикалық дағдарыс тереңдей түседі, көп елдерде халықтың бас көтерулері орын алады.

- АҚШ өзінің әлемдік держава статусынан айырылады.

- Гагаузия, Приднестровье және тағы 4 ел Еуразиялық экономикалық одаққа кіреді. Ресейдің күш-қуаты артып, ол НАТО-ның бірден-бір бәсе­келесіне айналады.

- Украинада төңкерістер орын алады. Оның Ресеймен жақындасуы күшейеді. Ресей, Украина және Белоруссия шығысеуропалық православиелік одақ құрады.

- Әлемде табиғи апаттар көбейеді. Италияда, Балкан түбегі елдерінде ұзаққа созыл­ған нөсер жауындардан елді мекендерді су алуы, Ресейде орман өрттері көбейеді.

- Доллар валюта ретінде маңызынан айырылады, евро біраз уақытқа дейін күшейеді.

- Еуроодақтың ыдырауы басталады.

- Мұнай бағасы артады, ол Ресей экономикасының күшеюіне жол ашады.

- Ресейде 2018-жылғы Президент сайлауы аяқтал­ғанша ішкі ахуал біраз нашарлайды. Үлкен қалаларға лаңкестік шабуыл қаупі кү­шейеді. Орман өрттері жиі орын алады.

- Обыр ауруына қарсы мықты дәрі ойлап шығарылады.

...Бұл сәуегей-көріпкелдер осылай деген екен. Әрине, олардың болжамдарының бәрі де 100 пайыз тура келе бермейтіні белгілі. Яғни болжамдарының ішінде осы уақытқа дейін шындыққа айналғандары ғана емес, өмірде орын алмағандары да бар. Сондықтан үміт ұялатар жақсы болжамдары іске асып, жамандық туралы айтқандары сөз күйінде қалсын деп тілейік.

Т. ТҰРАН.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста