«Шекенің» сүйегін итке тастаса бола ма?

«Шекенің» сүйегін итке тастаса бола ма?

Cәлеметсіздер ме? Шеке беру – соғымның сүрлене бастаған етін асып, соғымға сойылған малдың шекесін үлкендерге тартатын рәсім. Негізгі мақсат – өлі аруақтарға құран бағыштау. Осы шекені жеп болғаннан кейін, қалған сүйегін итке тастауға бола ма? Жезқазғанда тұратын туған-туыстарымыз, «шекені итке тастамайды, оны жоғары телевышканың үстіне тастаймыз» дейді. Содан сұрағым келгені кімдікі дұрыс? Мұқанова Алмагүл.
Рахмет, сәлеметпіз. Шеке беру рәсімі – шариғатымызда бекітілмеген рәсім. Ол ғұрыпқа сүйенеді. Үлкендерге құрмет көрсету, өзгені тамақтандырып, сауап жинау және туыстық қарым-қатынасты байланыстырып тұру сынды игі амалдарды топтағаны үшін шариғатымыз ол рәсімді жоққа шығармайды. Ал, егер ол рәсімнен бұл игіліктер көзделмесе, сонымен қатар ысырапшылыққа итермелесе, адамдардың арасын алауыздыққа апаратын болса, онда шариғатымыз оған тыйым салады. Әрине, амалдар ниетке қарай болмақ...
Осыған сүйене айтатынымыз: шеке беру рәсімі шариғатымыздың бұйрығы емес. Сол себепті де онда нақты көрсетілген шариғи нормалар жоқ. Алайда, жалпы ас беруге байланысты ортақ нәрселер бар, олар:
– Ысырапшылдыққа жол бермеу; асылған астың зая кетпеуіне, ашып, бұзылып кетпеуіне көңіл бөлу, барлық ас өз орнын табуы, артылып қалса, таратып беру т.б.
– Шамасына қарау; яғни өзіне қиындық келтіріп, қарызға батып, ас бермеуі.
– Егер ас беруден сауап жинау мақсат етілсе, онда барынша көп адамның (сонымен қатар жануарлардың) қарындарын тойғызу. Себебі, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде: «Қайсы бір мұсылман адам егін егіп, ағаш отырғызса, сөйтіп одан құс, адам не жануар жемісін жейтін болса, онда оған сол арқылы садақа жазылады»,[1] – делінген. Ендеше. астан қалған сүйекпен итті не басқа да жануарларды да тойғызсаңыз, онда түрған еш әбестік жоқ.+

Сонымен қатар, бақилық болған адамға Құран бағыштау есігі қашанда ашық. Ол үшін белгілі бір ас немесе қандай да бір белгілі рәсімдер жасау да шарт емес. Құранды кез келген сәтте оқып, кез келген жағдайда да бағыштай берсеңіз болады.

Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы
 muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста