Сексолог Әнел Нұржаубаева ұят саналатын сұрақтарға жауап берді
Көпшілік ұят санайтын сауалдарға әлеуметтік желіде жауап берді.
 
Белгілі сексолог Әнел Нұржаубаева өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде жыныстық-қатынас жайлы оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берді.
 
Бұл туралы caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
 
- Қыз қатты қозып, қыздық перде алынбай қалуы мүмкін бе?
 
- Иә, мүмкін.
 
- Жақсы сөйлесіп жүріп, кенеттен жоғалып кететін адамды не деп атаса болады?
 
- Өзі нені қалайтынын білмейтін адам.
 
- Ішті қалай кетіруге болады?
 
- Вакум және жаттығу арқылы, сосын тамақты азайтыңыз.
 
- Қыздың жыныс мүшесі ылғалданса, пәк болғаны ма?
 
- Сұрағыңызды түсінбедім, ылғалдану әркімде болады. Қалыпты жағдай қыз екендігін білдірмейді.
 
- Күйеуім көзіме шөп салып жүр, ажырасқан дұрыс па екен?
 
- Ең алдымен себептерін анықтаңыз, шешілетін мәселе ме? Шешілетін болса әрекет жасап көріңіз, өзіңіз өзгеруге тырысыңыз. Сосын ғана шешім қабылдаңыз.
 
- Етеккірі келгенде асты ауырған қалыпты жағдай ма?
 
- Иә, қалыпты жағдай. Бірінші күндері қатты келеді сол кезде ауыр көтермеңіз, жаттығу жасамаңыз. Дем алу керек.
 
- Мен қалаймын, бірақ жолдасыма айтуға ұяламын. Жасы үлкенірек. Не істесем болады?
 
- Ерлі-зайыптылардың арасындағы ұялу- көп нәрсеге алып келеді. Ақырындап өзіңіз білетін жолмен айтып көріңіз.
 
- Әйел екі-үш рет босанған соң сезбей қалады дейді, сол рас па?
 
- Көбінесе солай болады. Қынап еттері тонусты жоғалтады. Сол үшін тренажермен жаттығу жасап қалпына келтіру керек.