Секстегі маңызды үш сан

Секстегі маңызды үш сан

Адам өмірінде жыныстық қатынастың алатын орыны айрықша. Еркек үшін де, әйел үшін де табиғи тұрақтылықты сақтау денсаулыққа аса пайдалы. Ал сіз сексте жасырынған үш санның құпиясын білесіз бе?

Аптасына 2 рет
Еркек пен әйел аптасына екі рет төсек қатынасына түсуі керек. Мұндай тұжырымға ресейлік –гинеколог-сексипотолог мамандар келіп отыр. Олардың айтуынша, жұптар секспен аптасына екі реттен кем, немесе одан көбірек айналысатын болса, екеуінің де денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, ер азамат неғұрлым жыныстық қатынасқа жиі түссе, оның ұрығының сапасы бұзылып, әйелдің жатырына бейімделуі қиынға соғатын көрінеді. Сондықтан сала мамандары бір жетіде екі рет төсек қатынасына түсу ғылыми тұрғыдан адам ағзасына, нервтік жүйесіне, көңіл-күйіне оң әсер ететінін алға тартуда.

Таңғы сағат 6:00
Ресейлік мамандар төсек қатынасының тағы бір құпиясын ашып отыр. Ол не дейсіз ғой? Көп жұптар секспен ымыртта, яғни түннің бір уақытында айналысуды жөн көреді. Өйткені, көбі бұл мезгілде отбасы мүшелерінің тәтті ұйқыға батқанын күтіп, үйдің ұсақ-түйек тірліктерімен айналысады. Бірақ күні бойы жұмыстан шаршап келген ерлі-зайыптылар көп жағдайда көңіл-күйлері болмай, төсекттен алатын тән рахатына қанағаттанбай жатады. Осындай факторларды алға тартқан мамандар жыныстық қатынасқа таңғы сағат 6:00-да түсу таптырмайтын уақыт екенін дәлелдеген. Егер сіз ұйқыға түнгі 22:00 жатсаңыз, таңғы сағат 6:00-да еш қиналмай, сергек оянасыз. «Дәл таңғы сағат 6:00-да ер мен әйелдің ағзасы төсек қатынасы дайын әрі одан алатын ләззаттың жөні бөлек. Күні бойы да көңіл-күйіңіз көтеріңді болып, еңбек қабілетіңіз де арта түспек»,-деді ақ халатты абзал жандар.

500 колория...
Қазіргі уақытта нәзік жандылармен қатар ер жігіттер де дене-бітімдерінің сымдай тартылғанын қалайды. Сол үшін спортпен шұғылданатып, қалталарынан қыруар қаражатта шығарып жатады. Бірақ отбасылық бюджеттен көк тиын бөлмей, үй жағдайында артық салмақтан арылуға болады. Қалай дейсіз ғой? Сіз секспен белсенді айналысқан адамның артық салмақтан арылатынын естіген боларсыз? Олай болса, қаперіңізде ұстаңыз. Жоғары да атап өткеніміздей, аптасына екі рет, таңғы сағат 6:00-де жұбыңызбен жыныстық қатынасқа түсеңіз, 500 колориядан оп-оңай арыласыз. Міне, теріскейдегі көрші дәрігерлердің ер мен әйелдің төсек қатынасына ұсынып отырған сиқырлы 3 саны осындай, қымбатты құрбылар!

Дайындаған: Индира Байқұнысова
 anabol.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста