Шешім қабылдауға көмектесетін 3 тәсіл

Шешім қабылдауға көмектесетін 3 тәсіл

Мейрамханада ас мәзірі жазылған кітапшаны 15 минут бойы ақтарып немесе қандай фильм көрерін білмей 1 сағат отыратын жағдай көпке таныс. Себебі шешім қабылдап, таңдай алмау, қипақтау әркімнің басынан өткен нәрсе. Адам кейін бұдан да маңызды таңдау жасауы керек болса, апталап, айлап бір шешімге келе алмай жүре беруі мүмкін. Назарыңызға бизнес-коуч Энни Дюктің "Шешім қабылдауға көмектесетін 3 тәсіл" деген жазбасын ұсынамыз.

Бақыт тесті

Бақыт тесті қазіргі таңдауыңыздың қаншалықты маңызды екенін анықтауға көмектеседі.

Мейрамханада кешкі асқа қандай тағам ішеріңізді білмей отырасыз. Ақырыбіреуін таңдайсыз, даяшы тағамды әкеледі. Бәлкім ол өте дәмді болады, бәлкім аса дәмді емес шығар немесе сізге ұнамай қалуы да мүмкін.

Алайда бұл тағам сіздің бір жылдан кейін бақытты болуыңызға әсер ете ме? Сіз оны бір айдан кейін есіңізге де түсіре алмауыңыз мүмкін. Сол сияқты Netflix-тен қызықсыз фильм көргеніңіз, сатып алған шалбарыңыз ұнамай қалуы сіздің бақытты болу-болмауыңызға соншалықты әсер ете алмайды.

Сондықтан не көремін, не киемін деген сияқты бақытты болуға қатысы жоқ нәрсеге ұзақ уақыт бас қатырудың қажеті шамалы. 

Бір нұсқа арқылы тексеру

"Таңдау парадоксы" деген кітапта Барри Шварц былай дейді: "Таңдайтын нәрсе көп болған сайын, бірнешеуін таңдағыңыз келеді. Сәйкесінше таңдау жасауға да көп уақыт кетеді".

Мұның парадоксы сол &ndash нұсқа көп болған сайын, қауіп те еселене береді. 

Егер демалысты Париж немесе балық консервілерін жасайтын фабрика маңында өткізу деген таңдау тұрса, онда аса қинала қоймаспыз. Ал егер Париж, Рим, Амстердам, Санторини немесе Мачу-Пикчу деген нұсқалар болса, тығырыққа тірелуіміз мүмкін. 

Тығырықтан шығу үшін бір нұсқамен тексеру тәсілін байқап көруге болады. Әр нұсқаны жеке-жеке қарастырып, нұсқаларды тексеріп, мынадай сұрақтар қойыңыз: 

  • Егер менде  тек осы нұсқа болса;
  • Егер бұл мен бара алатын бір ғана жер болса;
  • Егер бұл мен сатып ала алатын жалғыз үй болса;
  • Егер бұл маған ұсынылған жалғыз жұмыс болса, бұл маған ләззат сыйлай ала ма?

"Жалғыз нұсқа" арқылы тексергенде шешім қабылдауға кедергі болған нәрселер анықтала бастайды.

Таңдаудан бас тарту

Өз таңдауыңды өзгертуден қорықпаған жөн. Бұған салқынқанды қарап үйрену керек. Себебі көбі таңдауды өзгертуді, одан бас тартуды ойламайды да. 

Мысалы адамдар университет таңдағанда оқу орны 4 жылдың қалай өтетініне қатты әсер етеді деп ойлайды. Бірақ студенттердің 37% кейін басқа университетке ауысып кетеді.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста