Сингапур мемлекеттік қызметінің моделі қандай?
Мемлекеттік қызмет жүйесінде сингапурлық модель жиі ауызға алынады. Сингапурдың мемлекеттік қызметінің моделі қандай?
Олжас Сағадибеков, Алматы облысы
Сингапур мемлекеттік қызметінің моделі үздік болып есептеледі. Сингапур мемлекеттік қызметіне 10 принцип тән. Мемлекеттік қызмет саяси қол сұғушылықтан ада. Әр министрлікте қызмет көрсету саласын бақылайтын бөлім бар. Жалпы қызмет көрсетудің сапасын министр төрағалық ететін Саяси ревизиялық кеңес қадағалайды. Қызмет көрсетудің жақсарту бөлімі бюрократиялық былық-шылыққа қарсы жұмыс істейді. Сингапур – министрлер мен шенеуніктердің жалақысын есептеу кезінде нарықтық әдістерді пайдаланатын аз елдердің бірі. Сингапурдың мемлекеттік қызметінің негізгі мінездемелері мыналар: күрделі мәселелерді шешу кезінде жүйелік талдау бойынша мамандар тобын қатыстыруға ұмтылыс; жаңалықтар мен өнімділікті жоғарылатуға ұдайы ұмтылыс; компьютерлендірудің жоғары деңгейі; ұйым жұмысының өнімділігін арттыру жолдарын ұдайы ізденісі; шығындардың талдауы мен рентабельдікті арттырумен байланысты жаңа идеялар ұдайы іске асырылады; жас шенеуніктерді жоғары мемлекеттік лауазымдарға тағайындау.
Сингапурдың мемлекеттік қызметі қатаң тәртіптің, шенеуніктердің табандылығы мен еңбекқорлығының, сыбайлас жемқорлық деңгейінің төмендігінің, жұмысқа меритократия принципі негізінде неғұрлым қабілетті үміткерлерді алудың, жақсы дайындықтың,саяси көшбасшылар тарапынан жоғары талаптардың болуының, ұдайы жетістіктерге жетуге ұмтылыстың арқасында тиімділігін дәлелдеді.