Сіз аптаның қай күнінде тудыңыз? Бұл күн сіз туралы қандай сыр айтады?

Сіз аптаның қай күнінде тудыңыз? Бұл күн сіз туралы қандай сыр айтады?

Дүйсенбі

Дүйсенбі күні дүниеге келген әйел — арманшыл, нәзік, сезімтал. Жанындағы серігінің ыңғайына қарай бейімделіп кете алады. Жалғыз өмір сүре алмайды. Бойындағы мейірім мен жылуын өзгелерге арнамаса, өзін жайсыз сезінеді. Нағыз әйел болатын шағы — ана атанған кезі. Бұл кезде одан сұлу әйел болмайды, жүзінен нұр шашып тұрады. Айналасын жан-тәнімен сезіп, өзін араласатын ортасымен үйлестіруге күш салады.
Дүйсенбіде дүниеге келген ерлер де тым сезімталдығымен ерекшеленеді. Қиялы кең, әйелдермен тез тіл табысқыш. Нәзік жандылардың да өзін тереңінен түсінгенін, қолдау көрсеткенін қалайды. Жалғыз қалса, бірдеңеге ұрынары сөзсіз. Сондықтан, жанында үнемі иығын тоса білетін жарының болғаны маңызды. Шын серігін тапса, ол үшін өмірін беруге әзір.

Сейсенбі

Бұл күні өмірге келген әйелдің махаббаты шексіз және ыстық. Айналасындағыларды көңілділігімен, ақылдылығымен баурап алады. Үнемі алға ұмтылады және тәуелсіз болғанды қалайды. Еркіндікті сүйетін «сейсенбілік» әйелдер бір нәрседен ғана қорқады, ол — сезім торына шырмалып қалу.
Ерлерге келетін болсақ, сейсенбі күні олардың бойына салмақтылықты аямай берген. Сөзі салмақты, тыңдаған жан еріксіз құлақ қояды және бағынады. Не болса соны айтпайды, бір-ақ рет тоқетерін жеткізеді. Осы қасиетімен талай жанды баурап алады. Өмір қиындықтарына мойымайтын беріктігі тағы бар. Жары үшін ең мықты қорған, асыраушы әрі бірсүйер махаббаты.

Сәрсенбі

Бұл күні өмір есігін ашқан әйелдер қулыққа бейім, епті, тапқыр әрі әңгімешіл келеді. Көп нәрсені бейкүнә жүзінің астында жасырып ұстайды. Бір көрген адамға ішкі сырын алдырмайды. Махаббатта тұрақтылықты қалайды, сондықтан, бір көріп ғашық болу оларға тән емес. Ал бойында сезім отын ұшқындатқан жан алғашқы және соңғы махаббаты болып қалуы мүмкін. Ол үшін әдемілік те маңызды емес.
Сәрсенбіде туылған ер балалар адал болып өседі. Қай іске болсын адалдықпен, тәртіппен және ережемен қарайтын мұндай азаматтардың өмірде қиындықтары да аз болмас. Бірақ даналығының арқасында ешкімді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, кез келген қиыншылықтан алып шығады. Сүйсе, бар жүрегімен сүйеді. Ал өзі ұнатпаса, сүйдім деген қызға мойнын бұрып та қарамайды.

Бейсенбі

Бейсенбіде дүниеге келген әйелдер шыдамсыз. Құр қиялға, айналасындағылардың қитұрқы әрекеттеріне алданбайды, өзі де ешкімді алдамайды. Әдетте, бойынан табиғилық есіп тұрады. Басқаларға ұнамды қасиеті де осы. Жасандылыққа жаны қас, бірақ, барынша ләззат алып өмір сүргенді қалайды. Сондықтан, шығыны көп әйел деуге болады.
Әйел біткенді өзіне қарататын еркектер осы күні өмірге келеді екен. Жүрген жерінде жүректерге шоқ тастап кетеді. Отбасылық қым-қуыт тіршілікті ұнатпайды, үйі не жары жайсыз болса, басқа жайлы мекен іздеп кете барады. Ешқашан жалғыз қалмайды және жалғыздықтан қорқады. Әртістігі мен қулығы қатар жүреді, табиғатынан солай. Оны қаталдықпен ғана бағындыруға болады.

Жұма

Жұмада дүниеге келген әйелдер романтикаға құштар. Арман-қиялға берілгіштігі де бар. Әдемілік — ол үшін бүкіл әлем. Нәзіктігімен жанды баурайды, сезімге берілгіштігімен сұлу көрінеді. Оны қолдау керек, қорғау керек, қашанда жанашырлық танытып, қанаттың астына алу керек. Ол тек бала-шағаның ортасында ғана емес, табысты әрі ер тұлғалы отағасының жанында бақытқа бөленеді.
Бір нәрсені ойлап тұрып, екінші жаққа ауаны ауып кететін ер жігіттеросы жұма күні өмірге келеді деседі жорамалшылар. Оның айтқан сөзіне имандай сеніп қалуыңыз кәдік, бірақ, артынан шындыққа жанаспайтындығын байқайсыз. Мұнымен не айтқалы отырғанымызды ұққан да боларсыз. Оны түсінуге де болады, мінезі жұмсақ және тым сезімтал болғандықтан, өздерін ірі көрсеткісі келеді де, өтірікке жүгінеді. Түсінген жан үндемей-ақ жөнге салады. Өзін сүйгенді, қолдағанды және мейірімге бөленгенді жақсы көреді. Жары өзі қалағандай ықылас білдіре алса, отбасын аузынан тастамай айтып жүретін болады.

Сенбі

Сенбі күні көбіне өмірге жаны жұмбақ, көңіл-күйін сыртқа білдіре алмайтын, өзін қатаң ұстайтын әйелдер өмірге келеді. Олардың жағымды мінездері — бір сөзді екі қайталамайтын және өз бетінше өмір сүре алатындығы. Ол ешқашан әйелдік қулықты қолданбайды, тек адамгершілік тұрғыдан ғана іс жасайды. Тіпті, жан серігіне де. Сырттай қарағанда тым байсалды көрінгенімен, іштей көп уайымға салынады.
Ал, сенбі күні дүниеге келген жігіттер ешкімге, ештеңеге бағынбайды. «Жарайды» деуі мүмкін, бірақ, бәрібір өз дегенімен қалады, өз қалауын жасайды. Оған қарсы тұрудың да қажеті жоқ, бос әурешілік болып шығады. Олардың ішкі ойын дөп басу қиын, өте жұмбақ еркектер. Сондықтан, өзін алдарқатқанды, аяғанды теріс түсінуі мүмкін. Жалғыз қалса да, өмірде өз дегенін жасайды. Әйелдерге көбіне сенімсіздікпен қарайды, сондықтан, отбасының тізгінін де, қаржысын да өз қолына алады.

Жексенбі

Бұл күні өмірге келген әйелдер табиғатынан еркін және ерік күштері мықты. Сонымен қатар, бойында керемет қайрат, күш бар. Ол бәрін бар етеді немесе түбегейлі жоқ етеді. Өзін де аямайды, өзгеге де көп жағдай жасай бермейді. Қандай ортаға болмасын тез бейімделеді және басқаларды да өзіне бағындыра алатын қасиеті бар. Ешкімге есесін жібермейді. Оның таңдаған жары, әдетте, айтқанға құлақ қоятын еркек болады.
Ер-азаматтарға келсек, жексенбі күні тек өзіне, екі қолы мен аяғына ғана сенетіндер өмірге келеді. Бірақ, нәзік жандыларға құрметі ерекше. Жары адал болса, алақанында ұстайды. Баласынан бұрын жарын ойлап тұрады. Көп сөйлегенді де, көп сөйлегендерді де ұнатпайды.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан

reactor

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста