«Скотчтi» ойлап тапқан кiм?
Қазiргi уақытта күнделiктi тұрмыста пайдаланылатын «скотчтi» ойлап тапқан кiм?
Тұрлан ДОСБОЛОВ, Қостанай қаласы
Белгiлi бiр затты жабыстырып, желiмдеуге арналған скотч бiздiң қолданыста кейiн пайда болғанымен, оның шығу тарихы сонау 1925 жылдан басталады. Скотч сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда «шотландтық» деген мағынаны бiлдiргенмен, оны ойлап тапқан америкалық технолог Ричард Дрю.
Алғашында бiр жағына желiм жағылған кәдiмгi полиэтилен жолағының кескiнi түрiнде ғана болған бұл зат уақыт өте келе жетiлдiрiлiп тұрды. Жалпақтығы бес сантиметрдi құрайтын алғашқы скотчтар тамақ өнiмдерi салынған қораптарды орауға пайдаланылған. 1932 жылы Джон Борден есiмдi техник қолданысқа ыңғайлы етiп, скотч орамасын арнайы кескiш ұстара орнатылған құрал түрiнде шығаруға патент алған. Бүгiнде екi жағы жабыстырылатын скотчтар да бар. Ал медицинада қолданылатын «лейкопластырь» осы скотчтiң негiзiнде жасалған.