Смартфонға сағаттап телміру адамды бүкір етеді

Смартфонға сағаттап телміру адамды бүкір етеді

Елде төтенше жағдай мен карантин жарияланғанына да айдан асып барады. Содан бері өз еркімен «үйқамаққа алынған» адамдардың жұмысы да, ермегі де монитор мен экранға тәуелді болып қалды. Және мұның қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. Сондықтан балалардың да смартфоннан қашан бас көтеретінін дөп басып айту қиын. Ал оның салдары қандай болатынын білесіз бе?

 

Невропатологтар дабыл қағып жатыр. Олар алдағы жылдары омыртқасына зақым келген адамдар күрт көбейеді деп қауіп қылады. «Мойынды 30-60 градусқа төмен ие отырып, смартфонмен күніне 3-4 сағат бойы сабақ орындау, хабарлама оқу мен хат жіберу сынды жұмыстар адамды мүгедектікке соқтырады.

 

Адам басын тік ұстап, түзу отырғанда жон арқаға 5-6 кило салмақ түсіріп тұрады. Ал енді басты небәрі 15 градусқа төмен қарай игенде бұл салмақ екі есеге – 12-13 килоға артады. Смартфоннан хабарлама оқу мен жіберу кезінде мойын 60 градусқа дейін иіледі. Бұл омыртқаға түсетін салмақ 30 килоға дейін барады деген сөз. Егер мұндай жағдай күнде қайталана берсе, мысалы, хат-хабарлама жазу үшін күніне кемі 2-3 сағат смартфонға үңіліп отыратын болса, ары кетсе 5-7 жылда мойын омыртқасында грыжа пайда болатыны сөзсіз», – дейді олар.

 

Бірақ мәселе тек қана грыжада емес. Мойынды үнемі немесе жиі төмен иіп отыру, осылай ұзақ уақыт жұмыс істеу кезінде омыртқа арасындағы шеміршектер қажалады, «желінеді» екен. Содан ондағы өте ұсақ жүйке талшықтары қысылады. Гәп осында: жүйке талшығы қысылған соң адамда үздіксіз бас ауруы, айналуы, көз бұлдырауы, миға қан жетпеу, аяқ-қолдың ұюы, жансыздануы, саусақтардың икемге келмей, дұрыс бүгілмей қалуы сынды жағдайлар басталады.

 

Үнемі немесе көбіне осындай қалыпта жұмыс істеудің зардабы бірден емес, жылдар өткеннен кейін білінеді. Өйткені ол сатылап өршиді. Алдымен тамыр қысылады. Содан басқа қан толық жетпей, мида оттегілік ашығу басталады. Сөйтіп ми жұмысы бұзылады. Бұл кезде адам тез шаршайды, жиі әлсірейді, ұйқы қысады немесе ұйқысы бұзылады, ұмытшақтық байқалады, ашушаң бола бастайды. Біртіндеп бас ауруы мен қан қысымының көтерілуі басталады. Ал оның ар жағында, бірнеше жылдан кейін жүрек сыр береді. Невропатологтар осының бәрі қазіргі смартфонға сағаттап телміруден басталатын аурулар екенін айтады.

 

«Менде 12-13 жастағы пациенттер де болған: алпыстағы ата-әжесі сап-сау, ал өзі көзілдірік тағады. Гемоглобині жақсы, бірақ басы айналады. Жап-жас, алайда бұлшық еттері әлсіз, саусақтарының ұшы үнемі мұздап жүреді. Сұрастыра келсем, телефонмен кино көруге, хат жазуға көп уақыт жұмсайды екен. Мұндайлар қазір көп. Өкініштісі де сол.

 

Буыны қатпаған баланы әлі де болса бұл әдеттен және аурудан айықтыруға болады. Өйткені аурудың алғашқы сатысы 5-7 жылға созылады. Ал бұл кезеңді өткізіп алса, жиырма бес жасқа қарай бұл балалар

 

невропатологтың тұрақты пациентіне айналады. Мойын омыртқасына түсетін салмақты азайтпаса, отыз жасына қарай нейрохирург үстелінен табылуы да ғажап емес. Мен ата-аналарды осыдан сақтандырғым келеді», – депті Алматыдағы «Aspasia» неврология және оңалту орталығының бас дәрігері Сұлтан Сәтбаев бір сұхбатында.

 

Ал америкалық нейрохирург Тодд Ланмэн адамдарда омыртқаның қисаюы, сөйтіп өзін-өзі ауру ету процесі бірнеше жыл бұрын басталып кеткен деген пікірде. Оның пікірі мынадай: «Көшеде, қоғамдық көлік, саябақ, тамақтану орындары тұрмақ, адамдар бүгінде әжетханада да телефоннан көз айырмайды. Мида бір сәт тынығу жоқ. Көз тамырлары туралы сөз қозғау тіпті қиын. Байқайсыз ба, «төрткөзділер» көбейіп келеді. Мығым денелілерден гөрі ілмиген арық бүкірлер артып барады. Осы қарқынмен жалғаса берсе, алдағы 50 жылда адамзат қаңқасында өзгеріс пайда болады. Одан кейінгі ұрпақты тіпті елестете алмаймын. Біртіндеп баяғы «бабаларымыз» – маймылдар сияқты еңкіш мақұлыққа айналып барамыз».

 

Бұл тығырықтан шығар жол ретінде жоғарыдағы үш маман да смартфон не монитормен жұмыс істегенде әр 20-30 минут сайын кемінде 10 минуттық үзіліс жасау, көзге арналған жаттығу мен жеңіл дене қимылдарын жасау, әрине, жон арқаға салмақ түсірмеу жағын қарастыруды айтады. Әйтпесе үздіксіз 30 килолық салмақты көтеріп тұратындай, адам сүйегі пілдің қаңқасындай қатты да мығым емес қой.

 

Әсіресе балаларды қадағалаңыздар: биыл мектептерде соңғы қоңырау соғылмайды. Мұны министр айтты. Бұл оқушылар төртінші тоқсанды түгел қашықтан - смар–фон мен экран арқылы оқиды деен сөз.

 

 

Р. ОРДАБЕК.

zamana.kz/kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста