Сот сарапшысы болғым келеді

Сот сарапшысы болғым келеді

Мен болашақта сот-медициналық сараптама орталығында жұмыс істегім келеді. Мұндай мамандар қайда дайындалады? Арнайы оқу орындары бар ма?
Мейрамхан,
Алматы облысы
Бұл сұраққа Алматы қалалық сот-меди­циналық сараптама орталығының директоры Нұрлыхан ЕРЕЖЕПОВ жауап береді:
– Егер әрбір жас маман болашақта сот сарапшысы боламын деп армандаса, олар міндетті түрде мединституттарда оқуы қажет. Жас маман қолына диплом алғаннан кейін өзінің таңдаған нақты мамандығы бойынша бір жыл интернату­радан немесе 5-6 айлық қайта дайын­дау­дан өтіп, маман сертифика­тын алады. Одан кейін ҚР Денсаулық сақтау министр­лігі Медициналық қызмет көрсету сала­сын бақылау комитетіне барып емтихан тапсырады. Ол жерден олар «сот сарап­шы­сы болуға болады» деген арнайы маман сертификатын алады. Осыдан соң тағы да Денсаулық сақтау министрлігінде емтихан тапсырып, сараптаманың нақты бір саласына дайындалады. Бізде тек қана өлік сою емес, түрлі бөлімшелер бар. Мәселен, сот-медицина биоло­гия бөлімшесі, медико-криминалис­тика бөлімшесі, химиялық-токсико­ло­гия бөлімі, онда біз адамның бойын­да наша, есірткі секілді құрам­дар бар-жоқ­тығын анықтаймыз, сондай-ақ гистологиялық диогноз қоятын бөлім­де­ріміз де бар. Осы бөлім­шелердің бірін таңдап, сол бойынша Денсаулық сақтау министрлігінде емтихан тап­сырады. Одан кейін Әділет министрлі­гінің регистріне кіргізіліп, аттестация куәлігі беріледі. Егер сол тіркеуде бол­саңыз, сараптама өткізе аласыз. Ол жоқ болса, сараптама жүргізуге құқы­ңыз жоқ. Өйткені сіз сот сарапшысы болып есептелмейсіз. Міне, бұл ма­ман­дыққа осылайша сатылап қана келесіз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста