Студенттік картаның артықшылығы неде?

Студенттік картаның артықшылығы неде?

Қазіргі уақытта кейбір жоғары оқу орындарының студенттері электронды студенттік карта пайдаланып жүр. Оның бұрынғы студенттік билеттерден артықшылығы неде?
Ермек БЕКЕЖАНОВ,
Ақтөбе қаласы
Бүгінде еліміздің бірқатар жоғары оқу орын­дарында бұрынғы үлгідегі студенттік билеттердің орнына «Қазақстанда бірыңғайланған студенттік анықтама картасы» енгізілген. Жаңа үлгідегі за­ма­науи студенттік картаны енгізіп, шығарушы – ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы.
Электронды пластикалы карта түріндегі бұл сту­дент­тік билеттің ерекшелігі – анықтаушылық қыз­метін атқаратындығында. Қазақстандық «Сту­денттік анық­таушы картада» студент жайын­да ақпарат, оқу орны мен факультет жайлы және жарамдылық мер­зімі көр­сетіледі. Колледж, ли­цей және жоғары оқу орын­да­рының студент­тері, магистранттары осы картаның иесі бола алады. Бұл карта оқу залына арналған билет, электрон­дық өткізу жүйесі қарастырылған ме­кеме­лерде кіргізу құжаты сынды функциялар ат­қарады.
Аталған карта көмегімен түрлі есеп айыру, студент стипендиясын алу сияқты операцияларды жүзеге асы­руға болады. Осы карта иесі көптеген сауда ор­нында, фитнес клубтар, жаттығу залдары, сән са­лондары, туризм, медицина ор­та­лық­тары, көлік мек­тептері, тіл үйрену курста­ры, спорттық-сауығу орта­лық­тарында 5 пайыздан 50 пайызға дейінгі жеңіл­діктерге қол жеткізе алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста