Суды немен алмастыруға болады?
Бірде теледидардан: «Таңертең ұйқыдан тұрған бойда 1 стақан су ішкен пайдалы» деп естідім. Сол рас па? Немесе суды басқа бірдеңемен алмастыруға бола ма?
Еңлік АСХАТҚЫЗЫ, Қапшағай қаласы
Медицина мамандарының сөзіне жүгінсек, шынымен де, таңертең су ішкен абзал. Газдалмаған таза су адам ағзасының «оянуына» көмектеседі. Тек бөлме температурасындағы және мүмкіндігінше бұлақтан алынған суды ішкен дұрыс. Әдетте, елдің көбісі қайнаған суға әуес, дегенмен оның құрамында бұлақ суындағыдай пайдалы нәрселер болмайды. Сондай-ақ ұйқыдан ояна сала, ашқарынға минералды су ішкен мүлде тиімсіз. Бұл организмдегі микро және макроэлементтер балансының бұзылуына алып келуі ықтимал. Ал таза су ішуден жалыққан жағдайда оны итмұрын (шиповник), түймедақ және қараөрік тұнбасымен алмастыруға болады.