Сүт қосылған шайдың пайдасы
Сүт қатқан шай – көпшіліктің сүйіп ішетін сусыны. Оның қандай пайдасы бар? Сүтсіз қара шай одан пайдалырақ па? Сүт қосылған шай арықтауға кедергі ме? Осы сұрақтарға жауаптарды бірге іздейік. Шайқұмарлардың көбі сүт қосылған шайды таңдайды. Бұл жайт таңғаларлық та емес, сүт қатқан шай дәмі жұмсақ, ас қорытқанға жеңіл, қоректі сусын. Сүттің өзі де пайдалы қасиеттерімен ерекшеленеді. Сүтте адам ағзасына қажетті ондаған пайдалы зат бар. Бірақ сүтті кеселеп іше алмайтынымыз белгілі. Бұл асқазанға ауыр. Ал шайға қосылған сүт жеңіл қабылданып, пайдалы қасиеттерін толықтай бере алады. Дәрумендер, майлар, ақуыздар жиынтығы денсаулыққа өте пайдалы болады. Тіпті ол шай құрамындағы кофеин, алкоидтардың жаман қасиеттерін баса алады. Шай мен сүттің қосындысы хош иісті, жұмсақ дәмді, пайдалы сусын берді. Сүт қатқан қара шай жүрек-тамыр ауруларының алдын ала алады. Сүттің ең маңызды құрамдас бөлігі кальций сүйек, шаш пен тырнақты берік қылады. Сергітетін бұл сусын жалпы пайдалы екені сөзсіз. Соңғы кезде сүт шайдың пайдалы қасиеттерін төмендетеді деген пікірлер туындай бастады. Зерттеулер көрсеткендей, сүт шайдың тек бірнеше қасиетін бәсеңдетеді. Ал оның қосып беретін пайдасы одан бірнеше есе көп. Күнделікті сүтпен шайдың 3-8 шынысын ішуге кеңес береді диетолог мамандар. Әрине сүттің ең майлы түрлерін таңдамаған дұрыс. Ал егер сіз арықтауды көздесеңіз, майлылығы аз сүт қосыңыз.