Сүтті қалай ішкен дұрыс?
Сүт – адамға қажетті тамаша өнімдердің бірі. Сүтте ағзаның дамуы мен өсуі үшін қажетті заттар бар. Сүттің майы буындарға керекті негізгі сұйықтық болып табылады. Сүт сүйек пен тіс эмалін нығайтып, ми қызметін жақсартады. Ежелгі йога жазбаларында данышпандардың тек қана сүтпен тамақтанғаны осының дәлелі болса керек. Осыған байланысты біз сүтті қалай және қанша ішу керектігі туралы айтып өткенді жөн көріп отырмыз.
1. Жаңадан сауылған сүттің таза екеніне көз жеткізіп алған дұрыс. 15 минуттан артық қайнаған сүт өзінің тағамдық құндылықтарын жоғалтады. Сондықтан, сүт қайнағаннан соң оны дереу оттан алып қойғаныңыз абзал.
2. Ыстық сүт мына дәмдеуіштермен әлдеқайда жақсырақ сіңеді: куркума, зімбір, даршын, гамамелис, кардамон, шафран, мускат жаңғағы.
3. Еріген сары май және бал қосылған ыстық сүт буын аурулары кезінде жақсы көмектеседі (артрит, артроз) және де жүйке жүйесі проблемаларын жеңуде жақсы көмекші.
4. Зімбір қосылған сүт иммундық жүйені күшейтеді және қанды жетілдіру арқылы дененің барлық органдарының функциясын жақсартады. Мұндай сүтті таңертең ішкен абзал.
5. Куркума қосылған ыстық шипалы сүтті жатарда ішкен жөн. Ол ұйқы және психиканы жақсартады, қан және теріні қалпына келтіреді.
6. Кардамон қосылған сүт жүрек пен жүйке жүйесі үшін пайдалы. Сүттің әсерінен кардамонның емдік қасиеті 10 есеге артады.
7. Мускат жаңғағы қосылған сүт мазасыздықты азайтып, ұйқыны қалпына келтіреді. Ойды айқындап, потенциалды арттырады.
8. Сүтті таңғы 6 және 9 аралығында, кешке 18:00 және 21:00 аралығында ішкен жөн. Салқын күйінде ішуге болмайды. Ас қорыту жүйесін зақымдайды.