Сыбайлас жемқорлықтың түрлері қандай?

Сыбайлас жемқорлықтың түрлері қандай?

Қоғамда жиі талқыланатын сыбайлас жемқорлықтың ғылыми тұрғыда қандай түрлері бар?
Мәди Алсапанов,
Алматы облысы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңда мемлекеттiк мiндеттердi ат­қа­ратын адамдардың, сондай-ақ соларға те­ңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкi­лет­тiгiн және соған байланысты мүм­кiн­дiк­терiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пай­далануы, жеке өзi немесе делдалдар арқы­лы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiк­тер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұл­ға­лар­дың аталған игiлiктер мен ар­тық­шы­лық­тар­ды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды са­тып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғы­ны­лады.
Әсіресе сыбайлас жемқорлық мем­ле­кет­тік билік органдарында қауіпті. Тәжірибе көрсетіп жатқандай, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік басқарудың барлық жүйесін бұ­зады, мемлекеттік биліктің беделі мен мем­лекеттік қызмет дәрежесінің төмен­деуі­не алып келеді. Сыбайлас жемқорлық эконо­ми­каның дамуына кедергі жасап, әсіресе эко­номикалық саладағы ұйым­дас­қан қыл­мыстың өсуіне алып келеді. Сы­бай­лас жем­қор­лық түрлері: тұрмыстық сы­бай­лас жем­қорлық қатардағы азаматтар мен ше­­неу­ніктердің өзара әрекеттесуі арқылы туын­дайды. Оған азаматтардан лауазымды тұл­ғалар мен оның отбасы мүшелеріне әр­түрлі сыйлықтар мен қызметтер жатады. Іскер­лік сыбайлас жемқорлық билік пен биз­нестің өзара әрекеттесуі арқылы туын­дай­ды. Мысалы, шаруашылық дау кезінде тарап­тар өз пайдасына шешім шығару мақ­сатымен сот қолдауына ұмтылуы мүм­кін. Жоғарғы биліктегі сыбайлас жем­қор­лық демо­кра­тия­лық жүйелердегі саяси бас­шылық пен жоғарғы соттарға жатады. Ол саясатты сай­лау­шылар мүдделеріне қай­шы және өзінің мүд­делеріне қарасты жү­зеге асыруда жауап­сыз тәртіпте билікте тұрған топтарға тиісті бо­лып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста