Табысты адамдардың 8 әдеті
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап». (с) Абай
Өзіңізден сұрап көріңіз: «Адамдар баю арқылы ақылға қол жеткізе ма, немесе ақыл арқылы байлыққа ие болады ма?», – деп. Әрине, көпшілік жағдайда, алдымен ақылды қолдану арқылы, молшылыққа қол жеткізіледі. Сондықтан, жетістікке жеткен адамдардың сіздермен бөлісетін 8 әдетін өз өміріңізге ендіруге тырысыңыз. Олардан өз арманына, жұмысына жетелейтін кұштарлықты, өзін бағалауды үйреніп, іске кірісіңіз. Егер, байығыңыз келсе, ағыммен қалқып жүретін адам емес, түпкілікті нәтиженің адамы болыңыз.
Табиғаты жеңімпаз
Олар үшін сәтсіздік деген болмайды. Сүрінген сәтті – сәттілікке өткізетін көпір деп санайды. Жағдайды дер кезінде бағалап, тәжірибе жинақтайды. Уақыт өте тек күшейе түседі.
Өзін өте жоғары бағалайды
Өмірлік ұстанған ұрандары-«Мен бұдан да артықпын, мен өзімді-өзім сүйемін, мүмкіншілігім керемет!»
Адамдарға сенеді
Себебі, өзінің ойын баскалардың көмегі арқылы іске асырады. Тәуекелге жиі барады және онысы ақталады. Ол тек ақшаны ғана емес, болашақ істің барысын алдын-ала болжай алады.
Не істеу керек екенін анық біледі
Ол өзінің мақсатқа барар жолын тыңғылықты жоспарлайды. Өз мүмкіншілігіне сенімді болып, барлық уақытын осы ойын іске асыруға жұмсайды.
Басқалармен тіл табыса біледі
Әр сөзін қоршаған ортаға, нақты жағдайға байланысты ойланып барып сөйлейді.
Өмір ағымынан қалмауға тырысады
Өзінің ісі мен кәсібіндегі ғана емес, елдегі, әлемдегі болып жаткан өзгерістерді жіті бақылап отырады.
Мүмкіншіліктерді көре біледі
Ол қандай жұмысты болмасын сапалы істеп, әрі жауапкершілікпен қарайды. Осыны өзіне әдет қылып қалыптастырады. Үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүреді.
Ерте жатып, ерте тұрады
Жетістікке жеткен адамдардың басым бөлігіне тән ортақ әдет: олар теледидарды өте сирек көреді және ұйықтауға ерте жатады. Есесіне таңертең ерте тұрып, таң бозынан жұмысқа кірісіп кетеді. Олар басқалар шырт ұйқыда жатқанда, алдағы күннің жұмысын жоспарлап қояды. Бұл әдеттер – олардың үнемі табысты болуына өз септігін тигізеді.