Тамаша өмір сүрудің 10 құпиясы

Тамаша өмір сүрудің 10 құпиясы

Кімнің де болса уайымсыз, күйзеліссіз, тамаша өмір сүргісі келеді. Бірақ ол үшін біреулерге ақша, өзгелерге денсаулық, үшінші топқа билік, тағысын-тағы нәрсе керек сияқты болады да тұрады. Ал негізі тамаша да бақытты өмір сүрудің өзіндік құпиясы бар. Оны атақты психиатр, профессор Филип Е.Хумберт зерттеп көрген екен. Бақытты ғұмыр кешудің құпиясын ол әр халықтың ғұламаларының ұлағатты сөздерінен тауыпты.

Өзіңді таны. (Сократ). Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жан дүниеңе сапар шегумен басталады.
Қандай болсаң да айналаға сол қалпыңда көрін немесе сырттай қалай болсаң, сол қалыбыңды сақта. (Мәулана). Шыншыл, әділ бол да, дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да, соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін атсалыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.
Ең жоғарыда ғашықтық бар. (Азиз Паул). Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса, өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды. Сондықтан өмірге, табиғатқа, барлық нәрсеге шынайы ғашық бола біл, өмір де сонда саған ғашық болады.
Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады. (Альберт Энштейн). Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Сондықтан қиялыңа ерік бер, табиғат заңдылықтарын сол қалпында және дұрыс қабылдай білу де бақытқа жетелейтін өнер.
Асқан әдемілік көзді шығармаса керек. (Мае Вест). Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске? Бақытты да бөлісу керек. Сонда өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Сол үшін айналаңа қуаныш, жылы сөз арқылы бақыт сыйлай жүр. Оған көп уақытың кетпейді, есесіне жылы сөз өзіңе қайта оралады.
Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі. (Сун Цзу). Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді. Сондықтан әрбір мүмкіндікті қалт жібермеңіз, ештеңені де ертеңге қалдырмаңыз.
Не істе, не істеме. Сынауға болмайды! (Иода). Өмір жылдам қозғалыс, шешім шығару мен шешімді болуды талап етеді. Егер шешім шығаруға жүрексініп, көлеңкеде бұғып қалатын болсаң, сәттілік батыл адамдарға бұйырып, өзің үнемі көлеңкеде қалып кететін боласың.
Кемелдік қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады. (Антоние де С.Ехуперю). Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да… Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жайната алмайсың, құр арманмен өтіп кетеді.
Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды. (Эмиль Зола). Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде ғана үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады. Сондықтан қандай іс бастасаң да ақылың мен санаңа сен.
Өмір сүрудің екі жолы бар: ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру. Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүр. (Алберт Энштейн). Шүкір етуді ұмытпау керек! Барлық нәрсеге Аллаға мадақ айта шүкір еткен адам ғана бақытты.


Жазып алған –  А. АСЫЛБЕК.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста