Таңертең қалай тез оянуға болады
Бұл мақалада барлық адам үшін өзекті болған мәселе қарастырылады. Таңертең қалай тез оянуға болады?
Әрине, таңғы бесте немесе алтыда, тіпті одан да ерте оянуға болады. Бірақ, егер ағзамыз бұған дайын болмаса, онда миымыз бен денеміздің барлық белсенділігі кеш батпай таусылып қалады.
Таңертең ертерек ояну үшін не істеу керегін қарастырайық:
1. Егер таңғы бесте тұру керек болса, онда түнгі оннан кешікпей ұйқыға жату керек. Өйткені адамның ұйқысы қану үшін кем дегенде жеті-сегіз сағат керек.
2. Ұйқыға кетерден бірнеше сағат бұрын миымыз ақпараттар ағынын қабылдамау үшін теледидарды, компьютерді, телефонды өшіріп тастау керек. Бұл тезірек ұйқыға кетуге көмектеседі.
3. Ұйқыға жатардан екі сағат бұрын тамақ ішуді тоқтату керек. Аш қарынға ұйқы тез келеді.
4. Ұйықтар алдында жатын бөлмесін желдетіп алыңыз.
5. Егер таңертең керек уақытында ояна алсаңыз, ең бастысы қайта ұйықтап кетпеу керек. Ол үшін белгілі бір уақыт аралығымен шырылдайтын бірнеше оятарды қосып қою керек.
Ең бастысы, ерте тұруға мүмкіндік беретін нәрсе, бұл әрине режим. Ерте тұруға бірден көшуге болмайды. Біртіндеп істеген дұрыс. Демалыс күндері төсектен тұрмай жата берудің қажеті жоқ. Бұл барлық режимді бұзып, содан кейін бәрін басынан бастауға тура келеді.
Таңертең жаттығу жасауға болады. Ол оянғанда сергектік беріп, ағзаны белсенді болуға ынталандырады.
Бірақ кейде адамдар қарапайым жаттығулардың өзін жасауға ерінеді. Ал бұл денсаулыққа кері әсерін тигізеді.
Мұндай жағдайда:
1. Сүйек пен бұлшықет аурулары.
2. Ұзақ мерзімне созылатын ұйқысыздық.
3. Ішек аурулары
4. Қан қысымының көтерілуі.
5. Күйзеліс жағдайы пайда болуы мүмкін.
Дене қимылы болмағандықтан бүкіл ағзаның қызметінің бұзылуы ер адамдарда да, әйел адамдарда да болады. Бірақ әйел адамның ағзасына ол қатты әсер етеді. Сондықтан арнайы жасалған жаттығулар кешені таңертең сергек әрі сымбатты көрінуге септігін тигізеді
Жаттығулар кешені арқылы дене қимылы кезінде:
1. Зат алмасу жүйесі жақсарады
2. Ішектің жұмысы жақсарады
3. Ағзадан уытты заттар шығады.
4. Салмақ тұрақтанады.
5. Бүкіл ағза іске қосылады.
6. Жүректің жұмысы жақсарады.
7. Ауруларға төзімділік артады.
Таңертең жаттығу жасайтын адамдардың жұмыс істеу қабілеті де жоғары болады. Енді дене қимылына арналған бірнеше жаттығуларды қарастырайық:
1. Басты алға-артқа қозғалту, айналдыру.
2. Қолды және қолдың буындарын айналдырып қозғалту.
3. Денені әр жаққа қарай еңкейту.
4. Шығыс биі сияқты бөксені айналдыру.
5. Отырып-тұру.
6. «Велосипед» сияқты жаттығу жасау.
7. Бір минут бойы планка (қолдың қары мен аяқтың ұшын жерге тіреп, кеудені, жамбасты, аяқты жерге тигізбей көтеріп тұру) жасау.
8. Секіргіш пен шығырды пайдаланып жаттығулар жасау.
Жаттығуларды таза ауда немесе желдетілетін бөлмеде жасау керек. Жаттығу алдында бір стақан су ішкен дұрыс. Әуелі қозғалыс бірқалыпты, баяу болу керек. Содан кейін ақырындап қарқындылығын арттыру қажет.
Жаттығуларды музыка тыңдап жасауға болады. Жаттығудан соң контрасты (суық су мен ыстық суды алма-кезек ауыстырып жуыну) душ қабылдау керек.
Жоғарыда айтылғандардан шығатын қортынды, ағзаға зиян келтірместен және күні бойы сергек жүретіндей ерте тұруға үйрену үшін режимді сақтап, таңғы жаттығуларды жасауға тырысу керек.