Таңғы 5 «жаман» әдет

Таңғы 5 «жаман» әдет

Әрбір адамның күн сайын жасайтын өзі дағдыланған әдеттері болады. Ал әдеттің жақсысы да, жаманы да бар. Назарларыңызға адамдардың көпшілігі таңертең жасайтын «жаман» әдеттерді ұсынамыз:

Оятқышты өшіріп, «қазір, 5 минуттан соң тұрамын» деу. Сол 5 минуттық ұйқы сізге қаншама зиянын тигізеді: жұмысқа (немесе сабаққа) асыққандықтан таңғы асты ішпейсіз, асығыс киініп, жиналасыз, міндетті түрде бір затыңызды ұмытасыз, жұмысқа кешікпедім бе деген қорқыныш тағы бар. Осылайша, стрессті таңертеңнен өз қолыңызбен жасап аласыз.
Таңғы ас ішпеу. Таңертең ішілген аста береке бар, әрі ол сізге күні бойына күш-қуат береді, денсаулығыңызға да зиян келтірмейсіз.
Теледидар көру. Ал көк жәшіктің жақсы нәрсені тым аз көрсететіні белгілі.
Ояна салып телефон, интернетке үңілу. Бұл да бір миға салмақ түсіріп, теріс эмоцияға берілудің, көңіл-күйіңізді түсірудің бір жолы. Оның орнына бүгінгі күніңізді жоспарлаңыз.
Жаман көңіл-күй. Кейбіреулер қабағына қар жауып, өте сылбыр күйде оянады. Сол күйімен күні бойы жүреді. Қабағы қатулы адамды кім жақсы көрсін? Таңертең аман-есен оянғанға неге Жаратушыға шүкіршілк етпеске? Шыққан күнді көрудің өзі бір бақыт емес пе? Ендеше, неге қуанбасқа?! 

asylsoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста