Тарихи дастандар – Абай аманат еткен жанр

Тарихи дастандар – Абай аманат еткен жанр

Абай өз шәкірттеріне қазақтың әйгілі хандары мен батырлары туралы тақырыптар беріп, өзінен кейінгі ақындардың әдебиетте тарихи тұлғалар жайлы кесек-кесек туындылар қалдырғанын қалаған деседі. Бұл пікірдің жаны бар ма?
Жандос Сұлтанов,
Алматы облысы
Бұлай деуге негіз бар. Зерттеуші Асан Омаровтың еңбектеріне қарағанда, тарихи тұлғалар тақырыбын, негізінен, Абайдың төрт шәкірті – Шәкәрім, Ақылбай, Мағауия мен Көкбай өз шығармашылығына арқау етті. Абайдың ұсынысымен Ақылбай Құнан­баев «Дағыстан», «Зұлыс», «Жарақ батыр» поэмаларын жазды. Ал Мағауия Абайұлы «Медғат – Қасым», «Еңлік – Кебек», «Абы­лай» поэмаларын туғызды. Көкбай Жана­тайұ­лы өз естеліктерінің бірінде «Абай ма­ған Абылай хан мен Кенесарының қазаққа істеген еңбектерін ұзақ әңгіме қылып айтып берді де, «осыны өлең қыл» деді» деп жазады. Автор «Сабалақ» жыры мен осы жырдың заңды жалғасы саналатын «Төрт төре», «Наурызбай – Фатима» дастанда­рын­­да Абай айтқан ұсыныстардың үдесінен шығуды ескерген. Тарихи тақырыптардан Шәкәрім «Қалқаман – Мамыр» және «Еңлік – Кебек» хикаяларын еншіледі. Мұхтар Әуезов өз еңбектерінде бұл төрт ақынның өткен дәуірдегі хан-билерді орынсыз сы­на­ған жерлері болса, ұлы Абайдың ондай­ды жақтырмай, жарияламауға кеңес бергенін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста