Тәуелсіздік шеруі жалғасуда
Еліміз Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздік алды деп есептелінеді. Сол уақыттан бері әлемде қанша мемлекет тәуелсіздікке қол жеткізді?Арман Балабаев, Алматы облысы
Қазақстан Тәуелсіздік алған 18 жылдан бері отау құрған мемлекеттердің саны аса көп емес. 1992 жылы Еуропаның оңтүстік-шығысында орналасқан Македония мемлекеті бұрынғы Югославияның құрамынан бөлініп шықты. 1993 жылы Абхазия өзінің тәуелсіздігін жариялады. Алайда Грузия Конституциясы Абхазияны өз территориясы ретінде қарастырады. Сондай-ақ өткен жылы Оңтүстік Осетия аймағы да Грузияның құрамынан шығатындығын айтып, тәуелсіздігін жариялады. Алайда оның суверенитетін екі мемлекет қана мойындады. 1993 жылы Чехия мен Словакия бөлініп, әрқайсысы өз алдына бөлек ел атанды. Эритрея мемлекеті де осы жылы тәуелсіздік алды. Оңтүстік Африка Республикасының тәуелсіздік алған жылы ретінде 1994 жылды атайды. 2008 жылы тәуелсіздік жариялаған Косовоның елдігін осы күнде әлемнің көптеген елдері мойындап отыр.